- 24 Jul 2025 16:53
- 688
ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ҚОРЛАРЫ БАҚ АРҚЫЛЫ ЕСЕП БЕРУГЕ МІНДЕТТЕЛЕДІ
ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ҚОРЛАРЫ БАҚ АРҚЫЛЫ ЕСЕП БЕРУГЕ МІНДЕТТЕЛЕДІ
Енді Қазақстандағы барлық қайырымдылық ұйымдары бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жұртшылыққа есеп беруге міндеттеледі. Бұл туралы Үкіметтегі брифингте Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақов мәлімдеді.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта қайырымдылық саласындағы заңнамаға өзгерістер әзірленіп жатыр. Жаңа түзетулер екі негізгі бағытты қамтиды:
🔹 Қайырымдылыққа ынталандыру – азаматтардың қайырымдылық көмек көрсетуін қолдау және арттыру;
🔹 Ашықтық пен есептілік – барлық қайырымдылық қорлары өз қызметі туралы есептерін БАҚ-та жариялап отыруға міндетті болады.
Бұл бастама азаматтардың сенімін арттыру және қайырымдылық саласындағы қаржының ашық әрі әділ жұмсалуын қамтамасыз етуге бағытталған.
-
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған мен оппозиция арасындағы саяси қақтығыс жаңа деңгейге көтерілді. Мемлекет басшысы Халықтық-республикалық партия жетекшісі Өзгүр Өзелге қарсы азаматтық және қыл...