Сабақтың тақырыбы: Қасым Аманжолов «Көктем»
Мақсаттары:
1. Білімділігі: Оқушылардың Қасым Аманжолов туралы түсінігін кеңейту.
«Көктем» өлеңінің мазмұнын ашу.
2. Тәрбиелігі: Оқушыларды табиғатты сүюге, оның байлығын қорғай білуге тәрбиелеу.
3. Дамытушылығы: Сабаққа деген қызығушылығын арттыру: дүниетанымын кеңейту, қиялын, сөздік қорын дамыту.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, ой жинақтау, түсіндіру, СТО
Көрнекілігі: Портрет, суреттер, мультимедия.
Сабақтың жүру барысы:
I. Ұйымдастыру бөлімі:
Сыныпты топқа бөліп отырғызу
Психологиялық дайындық.
II. Үй тапсырмасы:
«Тұңғыш ғарышкер» туралы әңгімеле.
б) Егеменді еліміздің ғарышкері Тоқтар Әубәкіров туралы әңгімеле.
III. Жаңа сабақ.
«Көктем» Қ. Аманжолов.
1.... Жылы - жылы жел соқты,
Жылғалардан су ақты.
Қаңқыл – қаңқыл қаз кепті,
Жер қарайды жер кепті.
- Өлең жолдарында қандай жыл мезгілі суреттелген? Авторы кім?
- Әрине І. Жансүгіровтың «Жазғытұрым» өлеңі. Көктем мезгілін суреттеген.
- Ендеше ақын Қасым Аманжолов «Көктем»өлеңінде қалай жырлаған екен?
2. Тұлғаны таны.
Қасыммын сол баяғы бір Қасыммын,
Бақытын ойламайтын құр басымның
Тымырсық түнек болсын - дұшпаныңмын,
Ақ көңіл болсаң сырласыңмын...- деп, өзі туралы өлеңмен айтып, өзіне - өзі мінездеме берген ақын.
Қазақтың көрнекі ақыны
1911 - 19540 жылдары ән салуды, домбыра, өмір сүрген скрипкада, күйсандықта Қасым Аманжолов ойнауды жақсы меңгерген
Ұлы Отан соғысына қатысқан, Қарқаралы топырағында дүниеге келген
3.«Көктем»Қ. Аманжолов өлеңімен танысу.
1) Мұғалімнің мәнерлеп оқуы:
2) Өлең мазмұны ашылып, көктемгі табиғат, адам еңбегі туралы айтылады.
4. Оқулықпен жұмыс.
1) Топтық тапсырмалар;
1 - топ - Өлеңді мәнерлеп оқуы;
2 - топ - Өлең шумағының мазмұнын ашу
5. Дәптермен жұмыс.
1. Өлеңнің шумағын талдау.
Сансыз көкек сұңқылдап,
Көктем келді еркелеп.
Нәзік үнмен сыңқылдап,
Бұйра бұлақ еркелеп.
Өлең 4 тармақтан, 7 шумақтан, 3 бунақты, кезекті ұйқаспен жазылған.
6. Білгенге маржан.(топтық тапсырма)
Сұрақтарға жауап алу.
Көктемді Абай тілмен суретте.
І. Жансүгіров өлеңінен жайлауға көшкен ауыл көрінісін әңгімеле.
«Көктем сәні» ертегісінде аңдар көктем сәнін қандай сөздермен сипаттайды?
7. Бейнелеп, ойлан! (топтық тапсырма)
2 топқа 1 ақ бет, бояулар беріледі. Өлеңнің 6, 7, 8 шумақтарын оқи отырып, бейнелеу. Сурет бойынша әңгімелеу.
8. Шығармашылық жұмыс.
I - топ Жыл мезгіліне байланысты1 шумақ өлең жазу
II - топ «Көктем» тақырыбына эссе жазу
9. Қортындылау.
«Талап қылдық артық білуге»
1. Қандай өлеңмен таныстық?
2. Өлең авторы кім?
3. Өлең не туралы айтылған?
10. Үйге тапсырма.
11. Бағалау
Қасым Аманжолов «Көктем»
Сабақтың тақырыбы: Қасым Аманжолов «Көктем»
March 5, 2024736 views

#көктем#ана тілі#бастауыш#қасым аманжолов#ашық сабақ жоспары
Recommended
Akim's Son Involved in Crash; Father Says He Won't Interfere
Son of Arys akim crashes taxi on Astana-Pavlodar highway, leaving 20-year-old passenger without legs. Father vows not to use influence as investigation proceeds.
12 min ago
Major Fire in Almaty's Tomiris Microdistrict: Firefighters Respond
Firefighters in Almaty are battling a large blaze in an administrative building in the Tomiris microdistrict. The fire has been given an elevated response rank and has been contained, with no casualties reported.
32 min ago
Spain advances to 2026 World Cup final after defeating France: semi-final recap
Spain defeated France 2-0 in the 2026 World Cup semi-final and advanced to the final. They will face the winner of England vs Argentina. Match summary included.
32 min ago
← BackSource: bilimdiler.kz

