- 20 Apr 2025 21:37
- 779
Қазақстанда жеке тауар өткізу ережелері қатаңдайды
Қазақстанда жеке пайдалануға арналған тауарларды шекарадан өткізу тәртібі өзгереді. Енді бірқатар тауар түрлеріне шектеулер енгізіліп, оларды тек жылына бір рет қана алып өтуге рұқсат беріледі.
Қаржы министрлігінің мәліметінше, егер азамат бекітілген нормадан асып кетсе, бұл заттар кәсіпкерлік мақсатта әкелінген тауар ретінде есептеледі. Мұндай жағдайда оларды кеденде декларациялау, әрі салық төлеу міндетті болады.
Жаңа шектеулерге сәйкес, жеке тұтынуға жататын тауарлар көлемі мынадай:
- Тері бұйымдары (соның ішінде бас киімдер) — бір адамға бір фасон, өлшем мен атауда тек 1 дана;
- Ұялы телефон — 2 данаға дейін;
- Планшет — 2 данаға дейін;
- Ноутбук, нетбук және керек-жарақтары — тек 1 дана;
- Зергерлік бұйымдар — 5 данаға дейін;
- Велосипед — 1 дана;
- Балалар арбасы — 1 дана.
Мамандардың айтуынша, бұл шара контрабандалық тасымалды азайту және көлеңкелі сауданың жолын кесу мақсатында қолға алынған.
-
Алматы қаласында белгілі саяси тұлға, экс-Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулиннің үлкен ұлы Нұржан Нұрлановтың үстінен қылмыстық іс қозғалды. Тергеу органдары сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп ...