Қырғызстанда көлік прокуратурасының бастығы Нургазы Матисаков қызметінен босатылды. Бұл туралы прокуратурадағы дереккөздер хабарлады.
Нургазы Матисаков бұған дейін Ала-Бука, Жайыл және Ысық-Ата аудандарының прокуроры қызметтерін атқарған.
Айта кетейік, 10 ақпанда Қырғызстанның Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары – Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметінен босатылған Камшыбек Ташиевтің өзі де отставкаға кеткен болатын.


