Швейцарияның оңтүстік-шығысындағы Альпі тауларында туристік автобус аударылып, бірнеше адам қаза тауып, тағы бірнешеуі жарақат алды. Бұл туралы жергілікті полиция хабарлады, деп жазады infohub.kz сайты.
Апат Граубюнден өңіріндегі Суsch пен Цернез елді мекендерінің арасында бейсенбі күні түстен кейін болған. Автобус аударылып қалған.
Оқиға орнына бірнеше тікұшақпен жабдықталған құтқарушылардың үлкен тобы жіберілді.
Автобус ішінде 48 голландиялық жолаушы болған. Бұл ақпаратты OAD туроператорының атынан Голландия саяхат компанияларының бас қауымдастығының өкілі растады.
Ол De Telegraaf голланд газетіне қаза тапқандар мен жарақат алғандардың нақты санын әзірге айта алмайтынын мәлімдеді.
Швейцариялық жаңалық сайттарында жарияланған суреттерде тар ауылдық жолдың жанында қырынан жатқан автобус, оның айналасында көптеген жедел жәрдем көліктері және құтқарушылар тобының жұмысы көрінеді.
Хабарлауынша, автобус дүйсенбіде Нидерландыдан шығып, апат болған кезде Австриядан Швейцарияға бір күндік сапармен келе жатқан.
Цернез — Швейцария ұлттық паркіне кіретін басты қақпа. Бұл таулы Энгадин аңғарын бойлай 100 шаршы шақырымнан (40 шаршы миль) астам аумақты алып жатқан Альпі қорығы.


