Тұманбай Молдағалиевтің «Бауырлар» өлеңі бойынша сабақ
Тұманбай Молдағалиев «Бауырлар» өлеңі Эссе, талдау, идеясы, сатылай кешенді талдау, композициялық талдау тақырыбы
Тұманбай Молдағалиевтің «Бауырлар» өлеңінің негізгі идеясы – шет елдерде тұратын қазақ бауырларға деген сағыныш пен махаббатты бейнелеу. Өлеңде автор туған жерден алыста жүрген қандастардың сезімдерін, олардың жүрегіндегі елге, Отанға деген махабатты, сондай-ақ қазақ халқының бірлігін, өзара сыйластығын, бір-біріне деген қолдауын айқын суреттейді. Өлеңнің басты мақсаты – ұлт бірлігін нығайту, әр қазақты бір-біріне жақын ету және өзге елдерде жүрсе де, Отанды ұмытпауға, оны сүйіп, құрметтеуге шақыру.
Сабақтың тақырыбы: Тұманбай Молдағалиев «Бауырлар» өлеңі
Сабақтың мақсаты:
- Білімділік: Тұманбай Молдағалиевтің қазақ әдебиетіне қосқан үлесі мен оның өмірбаянына тоқталу.
- Тәрбиелік: «Бауырлар» өлеңін оқу арқылы оқушыларды отанды сүюге, өз ұлтына деген құрмет пен махаббатқа тәрбиелеу.
- Дамытушылық: Оқушылардың мәнерлеп оқу, өз ойын жеткізу қабілеттерін дамыту, жылдамдыққа, шапшаңдыққа баулу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың көрнекілігі:
- ҚР картасы
- Тұманбай Молдағалиевтің суреттері
- Интерактивті тақта
- Электронды оқулықтар
Сабақтың әдісі: мәнерлеп оқу, сұрақ-жауап
Пәнаралық байланыс: география, музыка, тарих
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
- Оқушылармен амандасу
- Сыныпты түгендеу
- Сабаққа дайындық
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
- «Балық аулау» ойыны арқылы сабақты қорыту
- Сұрақтар:
- Сәкен Жүнісовтың «Ақан сері» романынан үзінді бойынша Ақан серінің өмірі қалай әсер етті?
- Жауап: Ақан серінің өмірі қиын болғандықтан аяныш сезімі пайда болды.
- Күреңбай сыншы Құлагердің қандай сипаттарына сүйеніп «Мынау бір пырақ екен» деді?
- Жауап: Құлагерде он үш қабырға бар екен дейді.
- Ат үстінде ойын көрсетіп, сырнай тартып, ән айтып жүрген бала кім? Ол не деп жар салды?
- Жауап: Қошқарбайдың Шашубайы, ат бәйгесінің болатынын айтты.
- Шығарма соңында Құлагердің тағдыры не болды?
- Жауап: Құлагер өледі.
- Құлагерге жауыздық жасаған кім?
- Жауап: Батыраш.
- Құлагерді сипаттап бер.
- Жауап: Терісі жұқа, ет пен терінің арасында май жоқ, қанша шапса да басы айналмайды, тынысы тарылмайды.
- Сәкен Жүнісовтың «Ақан сері» романынан үзінді бойынша Ақан серінің өмірі қалай әсер етті?
ІІІ. Жаңа сабақ:
- Тұманбай Молдағалиевтің өмірін топтастыру стратегиясы арқылы түсіндіру.
- Тұманбай поэзиясы туған жерге, елге, ата-анаға, дос-құрбыға деген махаббатпен толы. «Бауырлар» өлеңі де шет жерде жүрген бауырларымызға деген сағыныштан туған.
- Өлеңді оқымас бұрын электронды оқулықтан тәуелсіз Қазақстан туралы бейнеүзік көрсету.
- Өлеңнің мәнерлеп оқылуы.
ІV. Қорытынды:
- Өлеңді талдау, оқушылардың пікірін тыңдау.
- Сабақтың тақырыбы мен мақсатына сәйкес өлеңнің негізгі идеяларын анықтау.
V. Үй тапсырмасы:
- «Бауырлар» өлеңін жаттау.
- Тұманбай Молдағалиевтің басқа шығармаларын оқып, талдау жасау.


