Украина астанасы Киевке ресейлік күштердің ерте түнгі шабуылынан кемінде үш ауданда өрт шықты, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Қала әкімі Виталий Кличконың айтуынша, баллистикалық зымырандармен соққы жасалған. Әуе дабылы шамамен 50 минуттан кейін алынып, әскери әуе күштері зымыран қаупі туралы ескертуді кері қайтарған.

Кличко орталық аудандағы көпқабатты үйдің жетінші және сегізінші қабаттарында өрт шыққанын айтты. Бейресми желідегі арналар қаланың әр түкпірінде өрт болғанын көрсетті.

Қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралі деректер әзірге жоқ. Reuters агенттігінің куәгерлері қайталанған жарылыстарды естігендерін хабарлады.

Украина президенті Владимир Зеленский жұма күні Ресейдің алдағы 48 сағат ішінде жаңа шабуылдар жасауы мүмкін екенін ескерткен болатын.