Түркия полициясы оппозициялық бағыттағы Halk TV телеарнасының бас кеңсесіне басып кіріп, тікелей эфирін тоқтатты. Стамбұлдағы ғимаратқа қызметкерлер сәрсенбі күні таңертең кіре алмағанын, арнаға жаңа басшы тағайындалғанын хабарлады, деп жазады infohub.kz сайты.

Түркиялық бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметінше, қаржылық қылмыстар жөніндегі полиция ғимаратта тінту жүргізіп жатыр, ал арна иесіне қатысты 17 адамды ұстау туралы қаулы шығарылған.

Halk TV елінде көпшілік Респубикалық халық партиясына (CHP) жақын арна санайды. Ол президент Режеп Тайип Ердоғанның биліктегі Әділет және даму партиясын жиі сынға алады.

Мамыр айында түркиялық сот CHP басшылығын партияны басқарудан шеттеткен еді. Оппозиция бұл құқықтық қадамды Ердоғанның билікке деген ықпалын одан әрі нығайтты деп бағалады.

Сонымен қатар Ердоғанның ең ірі саяси қарсыласы саналатын Стамбұлдың танымал мэрі Экрем Имамоғлу сыбайлас жемқорлық айыптары бойынша бір жылдан астам уақыт түрмеде отыр. Ол барлық айыптауларды жоққа шығарады.