Сабақтың тақырыбы: Ү дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты: Жаңа дыбыстың дыбысталуын, жазылуын үйрету, әріпке байланысты жаңа сөз ойлау. Суретке қарап, мазмұнды әңгіме құрау, Балалардың ауызша ойлау дағдыларын дамыту Дәптерге әдемі жаза білу, оқушыларды әдемілікке, әсемдікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа ақпарат
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ - жауап.
Сабақтың көрнекілік: Оқулық, баспа, кеспе әріптер, интерактивті тақта, жұмбақтар.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру Сергіту сәті.
Өткен тапсырманы қайталап, еске түсіру.
құ - лақ
бұ - лақ
дұ - рыс
бұ - рыс
ұ - шақ
құ - шақ
құ - дас
құр - бақа
Жаңа ақпарат.
Екі айыр, бір бұтақ,
Жапырақсыз тұр жұтап.
Ойлан, қара дұрыстап,
Қайсы әріпке тұр ұқсап? (Ү)
Көлде жоқ,
Гүлде бар.
Нөлде жоқ,
Күлде бар. (Ү)
«Ү» дыбысының дыбысталуы
Ерін түтікшеге ұқсап, алға қарай созылып, тіл ауыз қуысының түбінде жатады да ұшы сәл сүйірленіп, жоғары көтеріледі.
«Ү» дыбысының жазылуын түсіндіру.
Қосымша материалмен жұмыс.
«Г»- ден баста мен кілең
Ажарымын өңірдің
«К»- ден баста мен кілең
Қалдығымын көмірдің
«Т»- дан бастап оқысаң
Аты аңыз қу аңмын.
«К» болса басқы әрпім
Езу тартып қуандық. (Гүл - күл, түлкі - күлкі)
Оқулықпен жұмыс.
а) Оқу
ә) тізбектеп, қатар бойынша оқыту.
Ойын: «Ү» пойызын жалға.
Мысалы: үй, үйрек, үзеңгі, үйшік, үміт, үлкен т. б.
(бір сөзге дыбыстық талдау жасау)
Үйрек
2. Дәптермен жұмыс.
Ү Ү Ү
Сен бақытты ұлансың
Анаң күнің, жүрегің,
Әкең - өмір тірегің.
Сен бақытты ұлансың
Бәрі саған қуансын!
Әжең – асыл ардағың
Атаң - дана қорғаның
Сен бақытты ұлансың
Бәрі саған қуансын!
Сабақты қорытындылап, бекіту.
- Бүгін біз қандай дыбыспен таныстық?
- Ормандағы қай үйде тұрады?
- «Ү» дыбысы сөздің қай буындарында кездеседі?
Үн - ұн үк - ұқ үр - ұр үш - ұш үз
Ү дыбысы мен әрпі
Сабақтың тақырыбы: Ү дыбысы мен әрпі
March 5, 2024856 views

#қазақ тілі#ашық сабақ#бастауыш сынып#ү дыбысы мен әрпі
Recommended
Akim's Son Involved in Crash; Father Says He Won't Interfere
Son of Arys akim crashes taxi on Astana-Pavlodar highway, leaving 20-year-old passenger without legs. Father vows not to use influence as investigation proceeds.
11 min ago
Major Fire in Almaty's Tomiris Microdistrict: Firefighters Respond
Firefighters in Almaty are battling a large blaze in an administrative building in the Tomiris microdistrict. The fire has been given an elevated response rank and has been contained, with no casualties reported.
31 min ago
Spain advances to 2026 World Cup final after defeating France: semi-final recap
Spain defeated France 2-0 in the 2026 World Cup semi-final and advanced to the final. They will face the winner of England vs Argentina. Match summary included.
31 min ago
← BackSource: bilimdiler.kz

