Ұлыбритания полициясы АҚШ Әуе күштері пайдаланатын әуе базасының маңында бес ер адамды террористік акт дайындады деген күдікпен ұстады. Терроризмге қарсы күрес бөлімшелері базада не болғанын анықтау жұмысын жүргізіп жатыр деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Ұсталған бес адам «Жарылғыш заттар туралы» заң бойынша да құқық бұзушылық жасады деген күдікке ілікті.
Бұған дейін аталған әуе базасының маңындағы жолды полиция қызметкері жауып тастағаны туралы ақпарат тараған. Оқиға орны Глостершир графтығындағы Фэрфорд елді мекеніндегі әуе базасы.
Тергеу жұмыстары жалғасып жатыр, қосымша мәлімет әзірге жарияланған жоқ.


