Ұлыбританияда жыныстық келісім жасын өзгерту туралы пікірталас қайта жанданды. Соңғы екі аптада танымал егде ерлердің өте жас қыздарға қатысты құқықбұзушылықтары туралы айыптаулар мен сот үкімдері жария болған соң, қоғамдық көңіл-күй өзгерді, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Қоғамдағы талқылау «мұны қалайша қоғам жіберіп алды?» деген сұрақтан «мұның қайталануын қалай тоқтатамыз?» дегенге ауысты. Осы жағдайда келісім жасы арасындағы алшақтықты жоюға бағытталған науқан күшейе түсті.

Үкімет бұл қадамды байыппен қарастырып отыр. Бастаманы Рассел Брэнд пен Дэвид Уоллиамсқа қатысты айыптаулар жасаған екі әйел қолдап отыр. Олар Ұлыбритания заңнамасын өзгертіп, жыныстық келісім жасын сатылап енгізуді талап етуде: 16 және 17 жастағылар заңды түрде жыныстық қатынасқа түсе алады, бірақ тек өздерінен үш жасқа ғана үлкен адамдармен ғана.

«Гардиан» басылымының шолушысы Полли Хадсонмен сұхбаттасқан Нушин Икбал мәдениет пен заңның қыздарды неге ұзақ уақыт бойы егде ерлердің қанауына осал етіп қойғанын талқылады. Ал педагог Майкл Конрой өзгеріс орнығуы үшін қандай шаралар қажет екенін түсіндірді.