«Сопрано» сериалындағы «Үлкен Мысық» рөлімен танымал актер Винсент Пасторе 80 жасында дүниеден озды. Бұл туралы infohub.kz сайты хабарлайды.
Пасторе 1980 жылдардан бері кино әлемінде белсенді жұмыс істеп, «Жақсы жігіттер» және «Ояну» сынды ірі фильмдерде ойнаған. Ол көбінесе мафия рөлдерін сомдаған. Оның ең танымал рөлі — «Сопрано» сериалындағы Сальваторе «Үлкен Мысық» Бонпенсьеро бейнесі. Бұл кейіпкер Тони Сопраноның досы болып, кейін ФБР-ге ақпарат берушіге айналады. Пасторе осы сериалда 30 эпизодта ойнаған.
Оның менеджері Боб Макгоуэннің айтуынша, актер Нью-Йорктегі Сити-Айлендтегі үйінде табылған. Онымен бірнеше күн бойы байланыс болмаған соң, қайтыс болғаны анықталған. Макгоуэн оны жұмысқа шақырмақ болғанын, бірақ хабарласа алмағанын айтты. «Ол ең адал клиент еді, әрқашан қайырымдылыққа ақша салатын. Кез келген адамға көмектесуге дайын жан еді, бұл менің саламда сирек кездеседі», — деді Макгоуэн.
Винсент Пасторе Бронксте дүниеге келіп, Нью-Рошельде өскен. Вьетнам соғысы кезінде теңіз флотында қызмет еткен. Кейін Пейс университетінде білім алған. Оның Рене есімді қызы бар.


