«Сопрано» телехикаясындағы Сальваторе «Үлкен Мысық» Бонпенсьеро рөлімен танымал актер Винсент Пасторе 80 жасында дүниеден озды. Бұл туралы infohub.kz сайты хабарлайды.

Пасторе 1980 жылдардан бері кино әлемінде белсенді жұмыс істеп, «Славные парни» және «Пробуждение» сынды ірі фильмдерде ойнаған. Ол көбінесе гангстер рөлдерін сомдаған, ал оның ең танымал кейіпкері — Тони Сопраноның досы, ФБР-ға ақпарат берушіге айналған Сальваторе «Үлкен Мысық» Бонпенсьеро болды. Бұл рөлді ол 30 эпизодта орындады.

Пасторе Нью-Йорктегі Бронкс ауданында дүниеге келіп, Нью-Рошель қалашығында өскен. Вьетнам соғысы кезінде әскери-теңіз флотында қызмет еткен, кейін Пейс университетінде білім алған. Оның Рене Пасторе есімді қызы бар.

Актердің менеджері Боб Макгоуэн оның қайтыс болғанын Associated Press агенттігіне хабарлады. Ол Пасторе туралы: «Ол ең адал клиент еді, әрқашан қайырымдылыққа ақша бөлетін. Кез келген адамға көмектесуге дайын жан еді, бұл менің саламда сирек кездеседі», — деді.

Макгоуэннің айтуынша, ол Пасторемен бірнеше күн бойы байланыса алмаған соң, оның Лонг-Айлендтегі үйінен табылған. Қайтыс болу себебі әзірге айтылмаған.