Класы: 7 класс
Сабақтың тақырыбы: "Word Pad редакторының қосымша мүмкіндіктері"
Сабақтың мақсаты:
Бірлесе жұмыс жасау арқылы WordPad редакторының қосымша мүмкіндіктерімен танысу, сұрақ қою дағдыларын, тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру; бағалау арқылы өз білім, деңгейін саралау; шығармашылыққа баулу, АКТ ақпаратын тиімді қолдану, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Күтілетін нәтиже:
Оқушылар бірлесе отырып, WordPad редакторының қосымша мүмкіндіктері туралы білім алады;
- Мәтін үзінділерімен, суреттермен жұмыс істей алады;
- сұрақ қою дағдысы қалыптасады;
- «Drag and Drop» әдісімен (бір уақытта басылған CTRL пернесімен жылжыту және жіберу) мәтін үзіндісін көшіре алады;
- алмасу буферін пайдаланып, мәтін бөлігін көшіре алады, қия алады;
- шығармашылығы артады.
Сабақтың түрі: практикум элементтері бар түсіндірмелі сабақ
Сабақта қолданылатын әдіс - тәсілдер: СТО стратегиялары, АКТ - ны қолдану
Сабақтың көрнекілігі: ДК, оқулық, слайдтар топтамасы, интербелсенді тақта.
Оқыту формалары: жеке, топтық және ұжымдық.
Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымдастыру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
1. WordPad мәтіндік редакторы не үшін арналған?
2. WordPad редакторын іске қосу үшін қандай әрекеттер тізбегін орындау керек?
3. Редактордың терезе элементтерін атаңыздар.
4. Кірістіру нүктесі (курсор) дегеніміз не?
5. Құжат құрудың негізгі әрекеттерін атаңыздар.
6. Мәтінді редакциялау дегеніміз не?
7. Пішімдеу туралы не білесіздер?
Тапсырма. (Миға шабуыл әдісі) Батырмаларды сәйкестендіре отырып, диаграмма тұрғызу
ІІІ. Жаңа сабақ: «Word Pad редакторының қосымша мүмкіндіктері Оқулықпен жұмыс. (ДЖИГСО) (Тақырып 3топқа бөлініп беріледі, берілген материал бойынша оқушылар интеллект - карта жасақтайды. Картаны пайдалана отырып келесі топқа өздерінің оқығандарын түсіндіреді)
1 топ. Мәтін үзінділерін жылжыту және көшіру.
2 топ. Мәтінді іздеу; Мәтін орнын ауыстыру;
3 топ. Күн мен уақытты кірістіру. Құжатқа суреттерді кірістіру.
1. Мәтін үзінділерін жылжыту және көшіруді бірнеше әдістер арқылы орындауға болады
а) Правка – Копировать
Правка – Вырезать
Правка – Вставить
ә) «Стандартты» саймандар тақтасынан «Көшіру», «Қиып алу», «Кірістіру»
б) Пернелер комбинациясы: CTRL+C, CTRL+X, CTRL+V
(Drag and Drop - бір уақытта басылған CTRL пернесімен жылжыту және жіберу, ауыстыру)
2. Мәтіндік құжатқа күн мен уақытты кірістіру
а) Вставка - Дата и время
ә) Стандартты саймандар тақтасынан
3. Мәтінді іздеу
а) Правка - Найти
ә) Саймандар тақтасынан
б) CTRL+F
4. Мәтінді ауыстыру
а) Правка - Заменить
ә) Саймандар тақтасынан
б) CTRL+H
5. Word Pad құжатына суреттерді кірістіру
IV. Практикалық жұмыс. (ротация әдісі)
1. Word Pad редакторын ашып, «Көңілді қыс» тақырыбына шағын эссе жазу.
2. Мәтіннің тақырыбын Жартылай қалың, 16 пунктпен, ал қалған негізгі мәтінді 14 пунктпен, Times New Roman шрифтімен жазыңыздар.
3. Редактор терезесін жималап қойыңыз.
4. Пуск - Все программы - Стандартные - Paint графикалық редакторын ашыңыздар. «Көңілді қыс» тақырыбына сурет салып, оны сақтау.
5. Суретті көшіру арқылы алмастыру буферіне орналастырыңыз.
6. Word Pad терезесін активті жағдайға келтіріңіз, ол үшін есептер тақтасындағы пиктограмманы шертіңіз.
7. Paint - та салынған суретті Word Pad - та терілген мәтіндеріңізге кірістіріңіздер.
8. Ағымдағы уақыт пен күн жадын енгізіңіздер.
9. Мәтіндегі «қыс» сөздерін, найти/заменить бұйрықтары арқылы «зима» деп өзгертіңіз және қайтадан қалпына келтіріңіздер.
10. Мәтінді «Қыс» атымен сақтап қойыңыз.
V. Галереяға саяхат. (Оқушылардың орындалған жұмыстары баспадан шығарылып, қабырғаға ілінеді. Оқушылар бір - бірінің жұмыстарын аралап жүріп, бірін - бірі бағалайды).
VІ. Сабақты қорытындылау. Тест тапсырмасын орындау. Тестте жалпы 10 сұрақ, әрбір сұрақтың 4 нұсқасы бар.
VІІ. Үй тапсырмасы: §28 «Word Pad редакторының қосымша мүмкіндіктері»
VІІІ. Оқушыларды бағалау.
Word Pad редакторының қосымша мүмкіндіктері
Сабақтың тақырыбы: "Word Pad редакторының қосымша мүмкіндіктері"
March 5, 20241028 views

#информатикадан ашық сабақ#word pad редакторының қосымша мүмкіндіктері
Recommended
Moldir Mukan combines three family celebrations into one holiday
Moldir Mukan celebrated three family milestones: her daughters' university and school graduations and her son's circumcision. Shared memories of Astana and Nazarbayev.
14 min ago
Talented Duo: Zhiger Auybpaev and Wife, 15 Years Younger, Wow Fans (VIDEO)
Singer Zhiger Auybpaev shares video of his wife Mumina, 15 years younger, playing the dombra masterfully. The artist is stunned by her hidden talent, and social media users are thrilled.
14 min ago
Spain becomes first finalist of 2026 FIFA World Cup
Spain beats France 2-0 in the 2026 World Cup semifinal, becomes first finalist. Goals from Oyarzabal and Porro. Final on July 20 vs winner of England-Argentina.
34 min ago
← BackSource: bilimdiler.kz

