Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы:
Білім беру саласы: Таным.
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің түрі: ҚМТҚ
Тақырыбы: 1 саны және цифры
Мақсаты:
а) 1 саны және цифрімен таныстыру; бір затты анықтай алуға үйрету; заттардың белгілерін тауып, оларды сол белгілеріне қарай жіктеу қабілетін қалыптастыруды жалғастыру;
ә) балалардың сөйлеу қабілетін мен зейінін, саусақтың ұсақ бұлшық еттерін дамыту;
б) тиянақтылыққа тәрбиелеу.
Мотивациялық қозғаушылық
Балалардың өткен сабақта танысқан фигураларды еске түсіруді сұрайды. Соған сәйкес келетін заттарды табуды тапсырады. Жұмысты «Жасырынбақ» ойыны түрінде ұйымдастыруға болады. Содан кейін суреттерді талдауға шақырады:
- Олар қандай фигуралардан құралған?
- Бұл заттар қалай аталады? Оларға ортақ атау (көліктер) беруге бола ма?
Ұйымдастырушылық - ізденістік
Тәрбиеші топтағы заттарға ортақ атау беріп, оларды көлік деп атауға болатынын айтқан балаларды мадақтайды. Картиналарды мұқият қарап шығуды ұсынады.
- Картиналарда ненің суреті салынған?
- Автобус нешеу? Трактор нешеу екен?
Картинада неше жүк көлігі бар?
- Суреттегі заттарға қандай ортақ атау беруге болады? (Бұл - көлік.)
- Көліктің басқа қандай түрлерін білесіңдер? (мотоцикл, велосипед және т. б.)
- Мұнда неше автобус бар? (біреу) Трактор нешеу? (біреу) және т. б.
Бүгін біз 1 санымен және цифрымен танысамыз. 1 туралы өлең оқып береді. 1 – дің бейнесіне ұқсайтын суреттер көрсетуге болады.
«1»- ге ұқсайтын не?
Ол - кәдімгі ине.
Сабақтап жіп іл де,
Қада онымен түйме.
Дәптерлеріңді ашыңдар. 1 - тапсырмада ненің суреті салынған? Жүк көлігі нешеу? Ол қандай цифрымен белгіленген? Санға қараңдар. Ол туралы тақпақтар тыңдаңдар (бір саны туралы балалар білетін 1 - 2 тақпақты айтады).
- Дәптердегі жаңа шартты белгіні қараңдар және оны саусақпен сызып шығыңдар. Кәне, оң қолымыздағы (солақайлар сол қолын) сұқ саусағымызды дайындаймыз. Енді 1 цифрының бойымен бірінші жоғары қарай, сосын төмен қарай саусақпен сызамыз. Цифрлардың бәрін саусағымызбен сызып шығайық. Ал енді қарындашымызды алып, цифрларды төменгі жағынан бастап сызамыз. Ізбе – ізділікті сақтаймыз. Қай жақтан бастап жазамыз?
Саусағымызды жаттықтырамыз (№1 технологиялық картаны қараңыз). Содан соң 2 – тапсырманы орындауға кірісеміз. 1 цифрын тауып, оны қалаған түспен бояймыз.
1 саны және цифры. жүктеу
1 саны және цифры
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы:
infohub.kz редакциясы · 2024 ж. 5 наурыз741 қаралым
#велосипед#мотоцикл#көліктер#1 саны және цифры
Ұсынылады
Жаңа жылдық ойындар
Жаңажылдық кеште қонақтардың көңіл-күйін қалай көтересіз? Дәстүрлі мерекелік дастархан мен тілек айту аздық ететіні анық. Демек, қызықты әзіл мен жұмбақтар, сайыс пен ойындар ұйымдастыру керек. Түн...
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
Ертегілер жинағы
1. Ертегілер мектепке дейінгі балалардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру механизмі. Бұл механизм психологтар белгілеген теория негізінде бірізділікте құрылған және сатылап жүзеге асады.
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
21 - ден 100 - ге дейінгі сандар
Сабақтың тақырыбы: 21 - ден 100 - ге дейінгі сандар.
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
← АртқаДереккөз: bilimdiler.kz

