14 - 15 ғасырлардағы Қазақстанның экономикалық жағдайы
Конспект
Монғол шапқыншылығынан кейін мал шаруашылығы мен отырықшылық қалалық өмір ХІІI ғасырдың соңында қайта жандана бастады. Шаруашылықтың 3 түрі болды. Отырықшы жер шаруашылығы Оңтүстік Қазақстанда дамыды. Жартылай көшпелі мал шаруашылығы Батыс және Солтүстік Қазақстан аймақтарында жанданды. Жартылай отырықшы мал шаруашылығы Жетісуда дамыған. Мал өсірудің үшінші түрі – көшпелі мал шарушылығы Орталық, Солтүстік Қазақстан және Батыс Қазақстан тұрғындарының көшіп, қону бағыттарына байланысты қалыптасты. Суармалы егін шаруашылығының орталығына Йасы, Сауран, Отырар қалаларын жатқызуға болады. Жетісудың оңтүстік - батыс жағында, Тараз маңында қалалық өмір сақталып, суармалы егіншілік орталығы болған. Монғол шапқыншылығы қалалық мәдениеттің дамуына зардабын тигізді. Іле алқабындағы қалалық мәдениет 13 ғасырдың соңы мен 14 ғасырдың басында мүлдем құрып бітті. Талас жағасында 1269 жылы құрылтай өткізіліп, отырықшы халық пен қала тұрғындарынан белгіленген салық көлемінен артық алуға тыйым салынған заң шығарылды. Қалалық өмірдің дамыған кезі – Ақ Орда хандары Сасы - Бұқа, Ерзен, Мүбарак, Шымтайлардың билік құрған тұсы.
Күлтөбе, Раң қалаларынан ыдыс жасайтын шеберхана орындары табылды. 13 ғасырдың екінші жартысынан бастап Сырдария қалаларында кірпіш күйдіру кәсібі өркендей бастаған. Отырар, Түркістан қалаларынан жергілікті шеберлер жасаған қола айналар мен шырағдандар табылды. Күмістен жасалған орама білезіктер Оңтүстік Қазақстанда және Орта Азияның солтүстік аудандарында кең тараған. Отырар, Тараз қалаларында әйнек жасау кәсібі 10 - 11 ғасырлардан белгілі болған. Монғол шапқыншылығынан кейін бұл кәсіп тоқырауға ұшырағанымен, 13 ғасырдың аяғында қайта жандана бастаған. Қалалық мәдениеттің дамуы адам тіршілігіне қажетті барлық кәсіптің жандануына жол ашты.
Конспект сұрақтар
1. Мал шаруашылығы мен отырықшылық өмір қайта жандана бастаған кезең:
2. 14 - 15 ғасырлардағы шаруашылықтың негізгі түрлері:
3. 14 - 15 ғасырлардағы көшпелі мал шаруашылығымен айналысатындардың көшу бағытының ұзақтығы:
4. Төменарық, Бозғыларық каналдары қазылған жер:
5. 14 - 15 ғасырлардағы вақф - грамотасы бойынша берілді:
6. 14 - 15 ғасырлардағы суармалы егіншіліктің орталығы:
7. Іле алқабында қалалық мәдениет мүлдем жойылды:
8. 1269 жылғы Талас жағасындағы құрылтайда қарастырылған мәселе:
9. 14 - 15 ғасырлардағы қалаларда тіршіліктің жандана бастауы туралы жазды:
10. Ақ Орда хандары Ерзен, Мүбарак тұсында:
11. 14 ғасырдағы Күлтөбе, Раң қалаларының орнынан табылды:
12. Кірпіш күйдіретін шеберханалары болған қалалар:
13. 14 - 15 ғасырларда Отырар мен Түркістанның жергілікті шеберлері жасаған бұйымдар:
14. 14 - 15 ғасырлардағы күмістен жасалған орама білезіктер кең тараған аймақ:
15. Әйнек жасау кәсібі белгілі болған кезең:
Тақырыптың тесті
14 - 15 ғасырлардағы Қазақстанның экономикалық жағдайы. жүктеу
14 - 15 ғасырлардағы Қазақстанның экономикалық жағдайы
14 - 15 ғасырлардағы Қазақстанның экономикалық жағдайы
infohub.kz редакциясы · 2024 ж. 5 наурыз829 қаралым
#конспект тарихтан#14 - 15 ғасырлардағы қазақстанның экономикалық жағдайы
Ұсынылады
Оралдық депутаттар жол жүру және қоқыс шығару тарифтерін талқылаудан бас тартты
Қала әкімдігі ұсынған жаңа тарифтерді қабылдаудан бас тартқан депутаттар ақпараттың жеткіліксіздігін алға тартты.
infohub.kz редакциясы·2026 ж. 11 маусым
VI ғасырдағы жәдігер: Маңғыстаудан өңір тарихына жаңа көзқарас беретін артефакт табылды
Маңғыстау облысындағы Қарақабақ көне қалашығынан табылған VI ғасырға жататын құмыра өлке тарихына қатысты жаңалықтар ашуы мүмкін.
infohub.kz редакциясы·2026 ж. 9 маусым
Алтын Орданың мұрагерлері: Қазақстан тарихының ресми нұсқасы қалай өзгеруде?
Тарихшы Жамбыл Сабитов Қазақстанның Алтын Орда мұрасына неге көбірек жүгінетінін, тарихқа деген көзқарас қалай өзгеретінін және мектеп оқулықтарында қандай өзгерістер болуы мүмкін екенін айтып берді.
infohub.kz редакциясы·2026 ж. 5 маусым
← АртқаДереккөз: bilimdiler.kz

