Астанада Болашақ Ойындары-2026 аясында PUBG: Battlegrounds тәртібінде чемпион анықталды. Жеңісті 131 ұпай жинаған қытайлық 17 Gaming командасы жеңіп алды, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Қазақстан астанасында өтіп жатқан GOTF 2026 турнирінде осы тәртіп бойынша әлемнің 16 үздік командасы 15 матч өткізді. Тартысты бәсеке қорытындысы бойынша 2018 жылы құрылған 17 Gaming командасы бірінші орынға ие болды. Екінші орынды вьетнамдық GAM The Expendables (120 ұпай) иеленсе, үштікті 2013 жылдан бері киберареналарда өнер көрсетіп келе жатқан француздық Team Vitality (106 ұпай) түйіндеді.
Турнирдегі күрес өте шиеленісті болды: чемпион тек соңғы картада анықталды, ал көшбасшылар үш ойын күні бойы ауысып отырды. Жеңімпаз 300 мың доллар жүлде қорын иеленсе, күміс жүлдегер 120 мың, қола жүлдегер 100 мың доллар алды. Мұндай деңгейдегі турнирлерде тұңғыш рет өнер көрсеткен қазақстандық DIGA Esports командасы 59 ұпай жинап, 14-орынға тұрақтап, 15 мың доллар ұтып алды.
DIGA Esports командасының атлеті Санжар Қалиев әсерімен бөлісті: «Бізден бөлек, турнирге әлемнің 15 үздік командасы қатысты, сондықтан ойнау өте қиын болды. Бірақ біз жақсы нәтиже көрсеттік деп ойлаймын, әрі мұндай турнирге қатысу біз үшін үлкен мәртебе болды. Жанкүйерлердің қолдауын естіп, көріп тұрдық, бұл шынымен жүрегімізге жылулық ұялатты. Бірінші күн біз үшін бейімделу кезеңі болды, екінші күні ойнау оңайырақ болды, ал үшінші күн жақсы өтті деп санаймын. Біздің командада бұрын ірі еуропалық жарыстарға да қатыспаған ойыншылар бар, ал мұнда бізге қарсы әлем чемпиондары ойнады. Сондықтан мұндай деңгейдегі командалар арасында 14-орын — онша жаман нәтиже емес».
Қазақстандық команда үшін жарқын сәттердің бірі — турнирдің сегізінші матчындағы жеңіс болды, оны астаналық Beeline Arena трибунасындағы көрермендер қошеметпен қарсы алды. Еске салайық, Болашақ Ойындары 2026 Астанада 29 шілдеде басталып, 9 тамызда аяқталады. Бағдарлама сегіз тәртіпті қамтиды, жалпы жүлде қоры 4,65 миллион долларды құрайды. Ұйымдастырушы — «Қазспортинвест» АҚ, Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі мен Астана әкімдігінің қолдауымен. Alatau City Bank ұсынған Battle Royale – PUBG: BATTLEGROUNDS жарыстары аяқталғаннан кейін турнир қалған тәртіптер бойынша жалғасуда.
Phygital Basketball финалдық матчтары дүйсенбі, 3 тамызда өтеді, ал Bank CenterCredit ұсынған MOBA PC Dota 2 жарыстары 5 тамызға дейін созылады. 4 тамыздан бастап Phygital Football UFL, Phygital Shooter CS 2 және MOBA Mobile MLBB турнирлері басталады. Phygital Dancing жарыстары 6-7 тамызда, ал Phygital Fighting 8 тамызда өтеді.


