Каспий теңізі жағалауында туған күнін тойлап жүрген 18 жастағы жігіттің денесі Ақтаудан 51 шақырым жерде табылды. Бұл туралы infohub.kz сайты хабарлайды.

Маңғыстау облысы ТЖД мәліметінше: «Бүгін Ақтаудан 51 шақырым жерде ТЖМ қызметкерлері судан жағалау сызығынан 10 метр қашықтықта жігіттің денесін тауып, судан шығарды. Одан кейін дене полиция қызметкерлеріне тапсырылды».

Еске сала кетейік, бір аптадан сәл астам уақыт бұрын облыстың 18 жастағы тұрғыны жабдықталмаған жағалау учаскесінде шомылу кезінде жоғалған. Ол достарымен туған күнін тойлап жүріп, кейін жоғалып кеткен. Бірнеше күн бойы құтқарушылардың қатысуымен ауқымды іздестіру жұмыстары жүргізілді.