19 қазан - Рақымжан Қошқарбаев 95 жаста
Рақымжан Қошқарбаев Берлиндегі Рейхстагқа жеңіс туын тіккен қазақ азаматы, Халық Қаһарманы. 1924 ж. 19 қазанда Ақмола облысы Ақмола ауданында дүниеге келген. 1942 ж. әскерге алынып, 1944 ж. Фрунзедегі (Бішкек) жаяу әскер училищесін бітірген. 1944 ж. қазан айынан бастап I Белорусь майданындағы 150 - Идрицк атқыштар дивизиясы құрамында взвод басқарып, Польша және Германия жерлеріндегі ұрыстарға қатынасты. Лейтенант Қошқарбаев Берлин операциясы кезінде асқан ерлік көрсетті. 30 - сәуірде ол жауынгер Григорий Булатов екеуі Кеңес әскерлері арасынан Рейхстагқа алдымен жетіп, жеңіс туын тікті. Соғыстан кейінгі жылдары Эльба бойындағы кеңестік оккупациялық әскер бөлімінде қызмет атқарды.
Қызыл Ту, 1 - дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, көптеген медальдармен марапатталған.
1988 ж. 10 тамызда Алматы қаласында қайтыс болды. Қошқарбаев Рақымжан... Көкірегімізде ерекше көңіл мен мақтаныш сезімін ұялататын осы бір есімді білмейтін қазақ, осы батырдың ерлігін қайталауды армандамайтын жас ұрпақ жоқ болар, сірә? Өйткені, Рақымжан ерлігі – еріксіз бас идіретін ерен ерлік.
19 қазан - Рақымжан Қошқарбаев 95 жаста
19 қазан - Рақымжан Қошқарбаев 95 жаста
infohub.kz редакциясы · 2024 ж. 5 наурыз1150 қаралым
#рақымжан қошқарбаев#рақымжан қошқарбаев ерлігі#ұлы отан соғысының батыры#берлиндегі рейхстагқа жеңіс туын тіккен қазақ азаматы
Ұсынылады
Майя текті әйелінің қабірінен ата-бабасының 226 тісі табылды
Белиздегі майя үңгіріндегі қабірден текті әйелдің сүйегі мен оның ата-бабаларының 226 тісі табылды: ДНҚ 26 шақырым жердегі қабірлерден шыққан 39 туысты көрсетті.
Мұрат Байғадам·2026 ж. 29 қазан
ГДР-ден әкелінген нан 36 жыл мұздатқышта сақталып, Берлин мұражайының экспонатына айналды
Берлиндегі Германия мұражайында ГДР-ден қалған нан қойылды. Отбасы оны 1990 жылы мұздатып, 36 жыл сақтаған. Экспонат «ГДР-нің соңғы наны» деп аталды.
Мұрат Байғадам·2026 ж. 9 қазан
Тарихшы Сабитов: Ислам Алтын Орда түркілерін құлдықтан құтқарды
Тарихшы Жақсылық Сабитов Алтын Ордада исламның қабылдануы түркілерді құлдықтан қалай құтқарғанын және қазіргі тенгрианствоны жаңадан жасалған нәрсе деп санайтынын айтты.
Алаш Ордабай·2026 ж. 6 қазан
← АртқаДереккөз: bilimdiler.kz

