Сабақтың тақырыбы: 1930 жылдардағы қоғамдық - саяси өмір.
Сабақтың мақсаты: XX ғасырда біздің қазақтай көп қырылып, жаппай қуғындалып, көп атылған халық жер бетінде кемде - кем. Оның ащы ақиқат екендігін іздеу барысында көз жеткізу.
Білімділік: Алған білімді бекіту, тереңдету, дамыту, мұғалімнің көмегінсіз оқып үйрену. Еліміздің жаңа заманға талай қырылып, талай қиыншылықты басынан өткеріп жеткенін түсіндіру.
Дамытушылық: Деректерге сүйене отырып, сабақтың мазмұнын аша білу дағдыларын қалыптастыру. Сын тұрғысынан ойлап, әр түрлі тапсырмаларды орындай білулеріне бағыт беру.
Тәрбиелік: Оқушылардың Отанға, туған жерге деген мақтаныш сезімдерін туғызу.
Сабақтың түрі: озық міндеттемелер (білімдерін тексеру)
Сабақтың әдісі: Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту, өзіндік жұмысын ұйымдастыру, алған білімдерін іс жүзінде пайдалана білу.
Көрнекіліктер: құжаттар, слайдтар, Қазақстан картасы, видео
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
II. Үй тапсырмасын сұрау
ІІІ. Сабақтың мақсаты, міндеттерін хабарлау.
Сабақтың жоспары:
1. Голощекиндік геноцид саясаты
2. Сталиндік саяси зобалаң.
3. Зиялы қауымды жаппай қудалау және Қазақстан аумағында орналасқан концентрациялы лагерьлер.
Мұғалімнің сөзі:
Мен қазақпын мың өліп, мың тірілген
Жөргегімде таныстым, мұң тіліммен
Жылағанда жүрегім жыр тұтылып
Қуанғанда күлкімнен түн тірілген.
30 - шы жылдары КСРО - да социалистік қатынастар орнығып болды. Социализмнің тоталитарлық, казармалық сипатының көрінісі.
- Мемлекеттік меншік нығайып, өндіріс - құрал жабдықтарына қоғамдық меншік орнап, шаруалар жерден шеттетілді.
- Бюрократиялық орталық нығайып, республикалар іс жүзінде толық егемендік алмады.
- Республикалардың заң шығару бастамасы болмады. Елде «социализм жолымен ілгерілеген сайын тап күресі шиеленісе түседі»деген Сталиндік теория үстемдік етті.
Нәтижесінде:
- Жазалау органдарының қызметі күшейтілді.
- Мемлекеттік өкімет органы ретіндегі Кеңестер қызметі шектелді.
- Одақтың Ішкі істер халық комиссариаты құрамында ерекше кеңес құрылып, жазалау шаралары іс жүзіне асырылды.
- Ату жазасы
- Жер аудару
- Еңбекпен түзеу лагерлеріне қамау
- КСРО - дан тыс жерлерге қуып жіберу
Оқушылар жоспар бойынша өздерінің зерттеулерін ортаға салады.
Мен білдім. (оқушылар сөйлейді)
1. Филипп Исаевич Голощекин кім болған?
2. И. Сталин кім?
3. 1930 - 1932 жылдардағы аштық. Себебі, салдары?
4. Қазақстан лагерлер өлкесіне айналды. Неліктен?
Мұғалім сөзі: /Видео көрсетіледі/
30 - жылдардың өзінде - ақ жазықсыз жазаланған, саяси қудалаудың құрбаны болғандарды қоғамнан бөліп ұстауы үшін Қазақстан лагерьлер өлкесіне айналдырылған еді.
Гулаг (ЛББ) – лагерьлер Бас басқармасы.
Концентрация – шоғырлану, топтастыру.
Репрессия – мемлекеттің өз азаматтарына қолданылатын қатаң жазалау шаралары.
Алжир – Ақмола қаласындағы әйелдерге арналған лагерь.
КарЛАГ – Қарағанды еңбекпен түзеу легері.
Степлаг – Далалы аймақтағы лагерь.
ЧССР – Отанына опасыздық жасаған отбасылардың мүшелеріне арналған лагерь.
Социалистік құрылысты бұрмалаған жеке адамға табыну идеологисясының зардаптары:
Сталинизмнің идеологиялық аппараты халықтардың тарихи зердесін жоюға бағытталды
Ұлттық зиялылардың көрнекті өкілдерін қырып - жойды
101 мың қазақстандық ГУЛАГ - қа жабылып, 27 мыңы атылды. «Халық жауларының» 40 мыңы ақталды.
Сталиншілдіктің басты қылмысы:
Әміршіл - әкімшіл жүйені қолдану.
Лагерьлер жүйесін құру.
Халықтарды күштеп көшіру.
Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын бұзу.
31 мамыр – Ұлттық аза күні болып белгіленді.
Қорыту:
1. Ф. Голощекин кім және оның қатыгездігі туралы не білдік?
2. Жаппай жазалау жылдары дегеніміз не?
3. Жазалаудың құрбаны болғандарды ата?
4. Қандай лагерьлер салынды?
Мен білдім. (оқушылар сөйлейді)
1. Филипп Исаевич Голощекин кім болған?
2. И. Сталин кім?
3. 1930 - 1932 жылдардағы аштық. Себебі, салдары?
4. Қазақстан лагерьлер өлкесіне айналды. Неліктен?
Мұғалім сөзі: /Видео көрсетіледі/
30 - жылдардың өзінде - ақ жазықсыз жазаланған, саяси қудалаудың құрбаны болғандарды қоғамнан бөліп ұстауы үшін Қазақстан лагерьлер өлкесіне айналдырылған еді.
Гулаг (ЛББ) – лагерьлер Бас басқармасы.
Концентрация – шоғырлану, топтастыру.
Репрессия – мемлекеттің өз азаматтарына қолданылатын қатаң жазалау шаралары.
Алжир – Ақмола қаласындағы әйелдерге арналған лагерь.
КарЛАГ – Қарағанды еңбекпен түзеу легері.
Степлаг – Далалы аймақтағы лагерь.
ЧССР – Отанына опасыздық жасаған отбасылардың мүшелеріне арналған лагерь.
Социалистік құрылысты бұрмалаған жеке адамға табыну идеологисясының зардаптары:
Сталинизмнің идеологиялық аппараты халықтардың тарихи зердесін жоюға бағытталды
Ұлттық зиялылардың көрнекті өкілдерін қырып - жойды
101 мың қазақстандық ГУЛАГ - қа жабылып, 27 мыңы атылды. «Халық жауларының» 40 мыңы ақталды.
Сталиншілдіктің басты қылмысы:
Әміршіл - әкімшіл жүйені қолдану.
Лагерьлер жүйесін құру.
Халықтарды күштеп көшіру.
Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын бұзу.
31 мамыр – Ұлттық аза күні болып белгіленді.
Қорыту:
1. Ф. Голощекин кім және оның қатыгездігі туралы не білдік?
2. Жаппай жазалау жылдары дегеніміз не?
3. Жазалаудың құрбаны болғандарды ата?
4. Қандай лагерьлер салынды?
Сөйтіп, 20ж. соңы мен 30ж. тоталитарлық жүйе қоғамдық саяси өмірдің барлық саласында бекіді. Оның көрінісі әсіресе Қазақстанда ерекше жиіркенішті түр алды. Олар күшпен ұжымдастыру мен 1937 – 1938жж. саяси жазалау дәуірінің қайғылы оқиғаларымен ұштасып жатты. Өлкедегі әлеуметтік - экономикалық өзгерістер, Қазақстанға Одақтас республика дәрежесін беру, мәдени құрылыстағы, халық ағарту ісіндегі және ғылымдағы табыстар тоталитарлық жүйенің қатаң идеологиялық қыспағында өтті. Міне осының бәрі Қазақстанның КСРО құрамында болашақ даму жолын айқындап берді.
Бағалау:
Үй тапсырмасы: оқып түсіну, сұрақтарға жауап
Жамбыл облысы, Шу ауданы, Қонаев ауылы,
Төле би атындағы орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі
Мынжасарова Гулсин Алмахановна
1930 жылдардағы қоғамдық - саяси өмір. жүктеу
1930 жылдардағы қоғамдық - саяси өмір
Сабақтың тақырыбы: 1930 жылдардағы қоғамдық - саяси өмір.
infohub.kz редакциясы · 2024 ж. 5 наурыз610 қаралым
#тарихтан ашық сабақ#1930 жылдардағы қоғамдық саяси өмір
Ұсынылады
Оралдық депутаттар жол жүру және қоқыс шығару тарифтерін талқылаудан бас тартты
Қала әкімдігі ұсынған жаңа тарифтерді қабылдаудан бас тартқан депутаттар ақпараттың жеткіліксіздігін алға тартты.
infohub.kz редакциясы·2026 ж. 11 маусым
VI ғасырдағы жәдігер: Маңғыстаудан өңір тарихына жаңа көзқарас беретін артефакт табылды
Маңғыстау облысындағы Қарақабақ көне қалашығынан табылған VI ғасырға жататын құмыра өлке тарихына қатысты жаңалықтар ашуы мүмкін.
infohub.kz редакциясы·2026 ж. 9 маусым
Алтын Орданың мұрагерлері: Қазақстан тарихының ресми нұсқасы қалай өзгеруде?
Тарихшы Жамбыл Сабитов Қазақстанның Алтын Орда мұрасына неге көбірек жүгінетінін, тарихқа деген көзқарас қалай өзгеретінін және мектеп оқулықтарында қандай өзгерістер болуы мүмкін екенін айтып берді.
infohub.kz редакциясы·2026 ж. 5 маусым
← АртқаДереккөз: bilimdiler.kz

