Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы
«Абай атындағы орта мектебі» ММ
тарих пәнінің мұғалімі Мусаева Камшат
Тақырыбы: 1931 - 1933 жылдардағы ашаршылық
Мақсаты:
1. 30 - жылдардағы ашаршылықтың себептері мен зардаптарына тоқталу, қазақ халқына ашаршылықтың қалай келгені туралы жан - жақты мағлұмат беру.
2. Тарихи деректер бойынша оқушыларды өз бетінше тапсырма жасай білуге үйрету, пікірін ашық айтуға дағдыландыру.
3. Тарихты оқып - білуде ұлттық намысын қалыптастыру. Отанын, ұлтын сүюге, қорғауға баулу.
Көрнекілігі: Бейнетаспа, слайдтар, қосымша баспасөз материалдары
Әдісі: Ауызша баяндау, сұрақ - жауап
Түрі: Ашық сабақ
Жүрісі: 1. Ұйымдастыру бөлімі:
Амандасу, оқушыларды түгендеу, топқа бөлу, сабаққа бағыт беру.
2. «Кім жылдам?» ойыны арқылы үй тапсырмасын сұрау (Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру)
1. «Ауылды кеңестендіру» ұранымен Қазақстанда « жаңа революция» жүргізудің негізін қалаған кім? ( Ф. И. Голощекин)
2. Голощекиннің бұл идеясына наразылық білдірген қазақ қоғам қайраткері?
( Т. Рысқұлов)
3. «Ірі бай шаруашылықтары мен жартылай феодалдарды тәркілеу және жер аудару туралы» декрет қай жылы шықты? ( 1928ж)
4. Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру бағыты қашан және қай съезде жарияланды?
( 1927 жылы ХV съезде)
5. Ф. И. Голощекиннің шын ата кім? (Шая Ицкович)
6. Орталық Комитет Қазақ АКСР – інде ұжымдастыруды қашан аяқтауды көздеді?
(1932 ж. көктемге қарай)
7. 1928 жылы Қазақстандағы барлық қожалықтардың қанша пайызы ұжымдастырылды? (2%)
8. Қай жылдан бастап республикада ұжымшар құрылысы жедел жүргізілді?
(1929 ж. 2 - ші жартысы)
9. Ауыл шаруашылығын ұжымдастыруды республикадағы толқулар мен көтерілістердің саны? (372)
10. Ұжымдастыру жылдарында Қазақстандағы қарулы қарсылықтар қай жылдары болды? (1927 - 1931)
3. Жаңа сабақтың беташары ретінде ашаршылық туралы өлең оқылады.
4. Тақырыпқа байланысты бейнетаспа көрсетіліп, жаңа сабақ түсіндіріледі.
5. Ш. Мұртазаның « Бесеудің хаты» тарихи драмасынан сынып оқушылары үзінді (қойылым) қояды.
6. Тақырып бойынша әрбір топ постер қорғайды.
7. Зұлмат жылдары куәгерлерінің естеліктері оқылады.
Бекіту тапсырмалары:
«Тұлғаны таны»
1. 1933 жылдың наурызында И. В. Сталиннің өзіне, М. М. Кагановичке, В. М. Молотовқа хат жолдаған қоғам қайраткері? (Т. Рысқұлов)
2. «Кіші Қазан» төңкерісін өткізу идеясын насихаттаушы? ( Ф. Голощекин)
3. «Қызыл жебе» романын жазған кім? (Ш. Мұртаза)
4. «Бесеудің хатын» жолдаған бесеу кімдер? (Ғабит Мүсірепов, Емберген Алтынбеков, Мұташ Дәулетқалиев, Мансұр Ғатауллин, Қадыр Қуанышев)
5. Күйінішпен: «Қазақстан отар болып келді және солай болып қалды» деген қоғам қайраткері? (Смағұл Сәдуақосов)
8. Қорытындылау
9. Үйге: Тақырыпты оқу «Бүгінімізге тәубе!» шағын шығарма
10. Бағалау.
1931 - 1933 жылдардағы ашаршылық
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы
infohub.kz редакциясы · 2024 ж. 5 наурыз620 қаралым
#тарихтан ашық сабақ#1931#1933 жылдардағы ашаршылық#голощекиннің ұжымдастыру саясаты
Ұсынылады
XVII ғасырда қазақ хандары мен батырларын қарумен кім қамтамасыз етті
Тарихшы Леонид Бобров XVII-XVIII ғасырларда қазақ элитасын Бұхара, Қоқан және Хиуа шеберлері қарумен қамтамасыз еткенін айтты. Толығырақ материалда.
Алаш Ордабай·2026 ж. 9 тамыз
Қазақтардың ата-бабалары Әмір Темір әскерінен табылды
Тарихшы Леонид Бобров Әмір Темір әскерінде қазақтардың, өзбектердің және тәжіктердің ата-бабалары қызмет еткенін айтты. Толығырақ материалда.
Алаш Ордабай·2026 ж. 7 тамыз
Атом бомбасы: АҚШ-тың әлемді өзгерткен өнертабысының зардабы
АҚШ-тың 1945 жылы Хиросима мен Нагасакиге тастаған атом бомбаларының зардабы, куәгерлердің еске алуы және ядролық қарудың қазіргі қауіптері туралы.
Мұқаш Жадайхан·2026 ж. 6 тамыз
← АртқаДереккөз: bilimdiler.kz

