Сабақтың тақырыбы: 2 - ге көбейту және бөлу
Сабақтың мақсаты: Білімділігі: оқушыларды 2 санына кестелік көбейту және бөлу білімдері мен біліктерін тиянақтау.
Дамытушылығы: оқушылардың математикалық білімі арқылы интеллектісін дамыту: есептеу машықтарын жетілдіру; өздіктерінен жұмыс істеу, жеке топтық жұмыста шапшаңдылық танытуға машықтандыру.
Тәрбиелігі: өзін - өзі басқаруға, ұжымда белсенділікке тәрбиелеу. Жауапкершілікті сезіне білуге үйрету.
Түрі: қайталау.
Әдісі: басқара отырып түсіндіру.
Көрнекіліктері: алгоритм құруға арналған кестелер, бағалау карточкалары, көңіл күй корсеткіштер, «үй» суреті.
Сабақтың барысы: 1. Алғашқы кезең.
1. Балалар зейінін сабаққа аудару.
2. сабақ түрі мен оның мақсатымен таныстыру.
3. Дәптерлерін жұмысқа даярлау
2. Жаңа сабақ. 1. Алгоритм дегеніміз не? (Бір нәрсені орындау үшін құрылған программаны алгоритм дейді.)
2. Біз бүгін үй салу алгоритмін құрамыз. (Қазіргі кездегі үй салудың маңызы, қаламыздағы салынып жатқан үйлер, ипотека.) Үйіміз дұрыс, әдемі болып салынуы үшін әрбір алгоритм бойынша тапсырмаларды орындауымыз керек.
1 - алгоритм. Құрылыс материалдарын сатып алу.
Арифметикалық диктант:
2*2=4
10*2=20
90*1=90
8*0=0
1*2=2
100*2=200
7*1=7
0*800=0
2 - алгоритм. Фундамент құю. Оқулықтағы №1 тапсырманы орындау. Есеп шығару өзіндік алгоритмі бар. Соны пайдаланып берілген есептерді шығарайық, шартын, жауабын, шешуін салыстырайық.
Есеп шығару алгоритмі: 1. Есеппен танысу.
2. Есептің не туралы екенін анықтау.
3. Белгілі, белгісізін анықтау.
4. Есептің шарты мен сұрағын ажырату.
5. Дәптерге шартын жазу.
6. Есепті шешу.
7. Жауабын жазу.
Дархан - 16 ұпай. ----------------- Дархан - 16 ұпай
Дәурен -? 2 есе кем ------------- Дәурен -? 2
16: 2=8 Ж: 8 ұпай ----------------- 16 - 2=14 Ж: 14 ұпай
Оқушылар есептерді шешіп болғаннан кейін салыстыру жұмысын жүргізеді.
Еңбек ауылындағы №22 орта мектеп
Бастауыш сынып мұғалімі:
Жанысбаева Даулетгул Алексей қызы
2 - ге көбейту және бөлу жүктеу
2 - ге көбейту және бөлу
Сабақтың тақырыбы: 2 - ге көбейту және бөлу
infohub.kz редакциясы · 2024 ж. 5 наурыз561 қаралым
#кестелік көбейту және бөлу#2 - ге көбейту және бөлу#көбейту кесте
Ұсынылады
Жаңа жылдық ойындар
Жаңажылдық кеште қонақтардың көңіл-күйін қалай көтересіз? Дәстүрлі мерекелік дастархан мен тілек айту аздық ететіні анық. Демек, қызықты әзіл мен жұмбақтар, сайыс пен ойындар ұйымдастыру керек. Түн...
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
Ертегілер жинағы
1. Ертегілер мектепке дейінгі балалардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру механизмі. Бұл механизм психологтар белгілеген теория негізінде бірізділікте құрылған және сатылап жүзеге асады.
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
21 - ден 100 - ге дейінгі сандар
Сабақтың тақырыбы: 21 - ден 100 - ге дейінгі сандар.
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
← АртқаДереккөз: bilimdiler.kz

