Степногорскіде 21 жастағы қыз көлік ұрлап, онымен жол-көлік оқиғасын жасады. Апат кезінде ол мас күйде болған. Бұл туралы infohub.kz сайты хабарлайды.

Полицейлер анықтағандай, қыз жұма күні кешке таныстарымен бірге алкоголь ішкен. Содан кейін иесінің рұқсатынсыз оның Chevrolet Lacetti көлігінің рөліне отырып, кетіп қалған.

Мас күйінде қыз көлікті басқара алмай, апаттық жағдай туғызып, екі көлікпен соқтығысқан. ЖКО салдарынан жол қозғалысына қатысушылардың ешқайсысы зардап шекпеді. Ұрланған шетел көлігі механикалық зақым алды. Көлік иесіне келтірілген шығын шамамен 500 мың теңгені құрады.

Көлік иесінің арызы бойынша полицейлер көлікті заңсыз иелену фактісін тіркеді. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде.

Сонымен қатар, көлікті мас күйде басқарғаны үшін қыз әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оған 860 мың теңгеден астам мөлшерде айыппұл түріндегі әкімшілік жаза қолданылды.