Сабақтың тақырыбы: 5 - ке көбейту және бөлу кестесі
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділігі: 5 - ке көбейту және бөлу кестесін түсіндіру.
2. Дамытушылығы: оқушылардың ойлау, танымдық қабілеттерін, есептеу дағдысын, шығармашылық қабілетін дамыту.
3. Тәрбиелігі: оқушыларды шапшаңдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру.
Психологиялық дайындық.
Оқып білім аламыз,
Біз көңілді баламыз.
Математика пәнінде,
Тапқыр, алғыр боламыз.
II. Үй тапсырмасын тексеру. 99 – беттегі, 6 есеп.
Өткен сабақты қорытындылау. Көбейтудің компоненттерін ата.
Бөлудің компоненттерін ата. Үлестірмелі карточкалармен жұмыс.
III. Жаңа сабақ. – Балалар, біздің бүгінгі сабағымыз күндегіден ерекше саяхат сабақ.
Ертеде бір қарияның үш ұлы болыпты. Өздерінің әкесін қатты жақсы көретіні соншалық, қарттың ұзақ та сау өмір сүруін армандап, оның жолын қайдан табамыз деп, ұзақ кеңесіпті.
Әрі ойланып, бері ойланып, ақырында ел арасынан денсаулықтың мекенін іздемекші болыпты.
Жаңа сабақты түсіндіру.
5 ∙ 5= 5+5+5+5+5
5 ∙ 6=5+5+5+5+5+5
5 ∙ 7=....................
5 ∙ 8=....................
5 ∙ 9=……………
5•5 =25
5•6 = 30
5•7 = 35
5•8 = 40
5•9 = 45
5 - ке бөлу кестесін құрғанда неге 5 - ке көбейту кестесі пайдаланылады?
25: 5=5
30: 5=6
35: 5=7
40: 5=8
45: 5=9
5•5=25
5•6=30
5•7=35
5•8=40
5•9=45
IV. Оқулықпен жұмыс. Үлкен ұлының тапсырмасы. 5 – есеп.
6 • 5= 30 --------------- 30: 5= 6
5 • 5= 25 --------------- 35: 7= 5
Саялы орманның тапсырмасы. 6 – есеп. Өрнектер құр және олардың мәндерін тап.
5 х 6=30
5 х 4=20
5 х 3=15
5 х 8=40
10: 5=2
20: 5=4
15: 5=3
30: 5=6
Ортаншы ұлының тапсырмасы. 7 – есеп.
Сергіту сәті.
Қостық біз,
Көбейттік біз.
Қатты шаршап кеттік біз,
Қане, тұра қалайық,
Қимылдасын қол - аяқ,
Кірпікті де қағайық,
Терең дем алайық.
Орнымызға отырып,
Сабаққа назар салайық.
«Таза көлді» елінің тапсырмасы. 8 – есеп.
656 – 98=558
306+87=393
300: 100= 3
(354+656) – 920= 70
720 – (384+216)=120
90 х 10 – 756=144
40 х 7 – 40 х 5=80
70 х 3+ 70 х 2=350
80 х 3+ 30 х 2=300
“Таза көлді” елінің келесі тапсырмасы. 9 – есеп
4 ∙ b өрнегінің мәнін тап, мұндағы b=1; 2; 5; 8; 9; 0.
Кіші ұлының тапсырмасы
11 – есеп. Қалдықпен бөлуді орында және тексер.
6: 5= 7: 5= 8: 5=
9: 5= 11: 5= 12: 5=
“Кіші ұлының тапсырмасы” 12 – есеп. Ауызша талдау
“Көрікті жер” елінің тапсырмасы. 14 – есеп.
«Қызықты логикалық тапсырмалар»
V. Қорытындылау.
Үйге тапсырма
5 - ке көбейту және бөлу кестесі
Сабақтың тақырыбы: 5 - ке көбейту және бөлу кестесі
infohub.kz редакциясы · 2024 ж. 5 наурыз522 қаралым
#математикадан сабақ жоспары#бастауыш сынып математика#5 ке көбейту және бөлу кестесі
Ұсынылады
Жаңа жылдық ойындар
Жаңажылдық кеште қонақтардың көңіл-күйін қалай көтересіз? Дәстүрлі мерекелік дастархан мен тілек айту аздық ететіні анық. Демек, қызықты әзіл мен жұмбақтар, сайыс пен ойындар ұйымдастыру керек. Түн...
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
Ертегілер жинағы
1. Ертегілер мектепке дейінгі балалардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру механизмі. Бұл механизм психологтар белгілеген теория негізінде бірізділікте құрылған және сатылап жүзеге асады.
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
21 - ден 100 - ге дейінгі сандар
Сабақтың тақырыбы: 21 - ден 100 - ге дейінгі сандар.
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
← АртқаДереккөз: bilimdiler.kz

