- 05 қыр. 2016 00:00
- 278
60 секундта ұйқы келтіретін әдіс
Күн ішіндегі стресс, жұмыстың шиеленісуі немесе басқа да психологиялық себептерге байланысты кейде ұйықтай алмай жататын кездер болады. Қандай амал қолданса да оңайлықпен ұйықтай алмайтын адамдар үшін мамандар мына әдісті қолдануға кеңес береді. 60 секунд ішінде ұйықтауға себеп болатын бұл әдісті 4-7-8 әдісі деп те атайды екен.
Америкалық ғалым Эндрю Уэйл бұл әдістің “anxiety” деп аталатын психологиялық үрейлену ауруын емдеуге де үлесі болатынын мәлімдеді. Бұл әдіс былай орындалады: 4 секунд бойынша мұрныңызбен терең дем алыңыз. Одан кейін алған деміңізді 7 секунд бойы ұстап тұрыңыз. Одан соң ұстап ұрған деміңізді 8 секунд бойы ақырын шығарыңыз. Осы әдісті үш-төрт рет қайталаңыз. Бұл әдіс орындалғанда өкпе көбірек оттегіге толып парасимпатикалық жүйке жүйесі жеңілдейді. Осы арқылы ұйқы келмеу мәселесіне шешім бола алуда.
Оқуға кеңес береміз:
Ұйқының жайлы болуына ықпал ететін 5 өсімдік
Адам ұйықтап бара жатып неге селт етеді?
Сергек оянуға ықпал ететін 6/30 ережесі