7 пайдасыз әрекеттен бас тартып, өміріңді өзгерт
Сіз егер өміріңізді жақсы жаққа қарай өзгертуді ойласаңыз күн сайын төменде айтылатын кемінде 7 әрекетті жасауды доғарыңыз.
Өміріңізге қанағаттану деңгейін арттыру және өзіңіздің еңбек өнімділігіңізді жоғарылату, қаржылық, әлеуметтік жағдайыңызды жақсарту үшін орындауды талап ететін міндеттер тізімін жасау әдісі ішінара өзінің оң нәтижесін бермек.
Бұл әдіс аздап қисынсыздау көрінгенмен, оның ұтымды тұстары әрекет ету барысында анық айқындалады. Сондықтан да біз өмір сүру сапасын артыру үшін күн сайын мынадай 7 әрекетті жасауды доғаруды ұсынамыз.
1. Өзгенің өмірімен тіршілік ету
Доктор Хаус сізсіз өмір сүре алады. Ешкім-ешкімді қажет етпейді. Белгілі саясаткерлер мен шоу-бизнес өкілдерінің өмірі сіздің жеке өміріңізбен салыстырғанда түкке тұрғысыз. Шындығында сіздің жан жолдасыңыз, достарыңыз, балаларыңыз, апа-сіңіліңіз бен бауырларыңыз, туыс-туғандарыңыз, іскер әріптестеріңіз, қызметкерлеріңіз және клиенттеріңіздің өмірі маңызды. Сондықтан да оларға жеткілікті деңгейде көңіл аударыңыз. Өйткені олар соған лайықты.
Таныс емес адамдармен барынша сыпайы болыңыз. Бірақ бәрімен бірдей дос болуға тырыспаңыз. Өзіңіз үшін маңызды адамдармен қарым-қатынастарды ретке келтіріп, соған барынша назар аударып, өз өміріңізді жарқын да шынайы ете біліңіз.
2. Осы шақпен өмір сүрудің орнына болашақ туралы ойлау
Осы сәтте болып жатқан жағдай қайтадан қайталанбайды. Өз уақытыңызды үнемдеңіз, өйткені ол сіздің өміріңіз. Бір іспен айналысыңыз, алайда саяхат жасаудан ләззат алуды естен шығармаңыз. Сіздің әрбір қадамыңыз маңызды. Жалған өнімділікке бой алдырып, дәл қазіргі сәттегі жағдайлардан алыстап кетпеңіз.
Осы шақта болып жатқан аса маңызды сәттерді ол сіздің жадыңыздың бір бөлігіне айналғанға дейін бағалау қиын. Сіз армандайтын жағдайлардың ұрымтал тұстарын өткізіп алғаннан кейін түсінесіз. Сондықтан да, қазір қолыңызда, қасыңызда, өзіңізде бар заттарды, адамдарды бағалаңыз. Қолда барда алтынның қадіріне жете біліңіз.
3. Шешім қабылдауды кейінге қалдыру
Жалпы өмір күрделі шешімдерді шешуді қажет етеді. Өмірде сан тарау жолдар бар. Тек сізге өзіңіз қалайтын дұрыс жолды таңдау керек, яғни ерік пен еркіндігіңіз бар.
Сіз қабылдаған шешімдер өте ауыр болуы мүмкін. Өзіңіз үшін дұрыс жол таңдауда сенімділіктің болмауы қиын. Ең жаманы шешім қабылдамау. Егер өз жолыңызды өзіңіз таңдай алмайтын болсаңыз, онда сіз ешқашанда өмір сізді қай соқпаққа апаратынын түсіне алмай дал боласыз. Сондықтан да екі бірдей жолдан біреуін таңдаған кезде үшінші нұсқаны басшылыққа алмаңыз.
4. «Жоқ» деп айтатын кезде «иә» деп айту
Орындай алмайтын міндеттерді өз мойныңызға алмаңыз. «Иә» деп айту сіздің жолыңызды ашады, бірақ «жоқ» деп айта білу де аса маңызды. Сіздің ғұмырыңыз санаулы. Бәріне бірдей үлгермейсіз, ол аксиома. Жаңа жобаға қатысуға, біреулердің аяқ астынан жасаған өтініштерін орындауға уақытыңыз болмаса «жоқ» деп айта біліңіз. Досыңыздың, туыстарыңыздың, клиентіңіздің өтінішін жерге тастау, әрине қиын. Оның ең қиыны орындалмайтын істі өзің алу және өзіңе уақыт қалдырмау.
Мәселенің мәнісі мынада: осы өмірде барынша табысты болуға тырыспау және жетістікке жету жолдарын өздігімен шектеу. Сіздің біліктілігіңіз пен қабілетіңіз жоғары деңгейде болса да, күндердің күнінде шарықтау шегіне жетесіз. Шарықтау шегі құлдырау. Сондықтан да «жоқ» деп айта біліңіз.
5. Қажет емес затты сатып алу
Өзіңіздің қаржылық жағдайыңызды сауатты басқару өмірдегі маңызды дағдылардың бірі. Сіз осы дағдының арқасында жайлы және бай-қуатты өмір кеше аласыз. Алайда біз осы дағдыны орынсыз қолданып жатамыз. Біз өмір сүріп жатқан тұтыну қоғамы жаңа заттарды тұрақты сатып алсам содан «бақытты боламын» деген түсініктерді еріксіз санамызға қондырады. Ол бақытты сатып немесе заттардың арасынан іздеп тауып ала алмайтындығымыз туралы саналы пікірмен ұштаспайды.
Қандай да бір жаңа зат сатып аларда «Ол маған қаншалықты керек», «Менде қазір қандай зат бар?», «Оны сатып алсам нені алмастырамын?» деген сияқты сұрақтарды өзіңізге қойыңыз.
Негізі өмірдегі ең жақсысы тегін зат. Достық, күлкі, үй жануарларымен ойнау, баланың күлкісі, романтика, рухты көтеретін сәттер — барлығы тегін және олар біздің жанымызды шынымен бақытты ететін жағдайлар. Олар сізден ақы сұрамайды. Әрине, ақша біздің өмірімізді жайлы етеді, ал жайлылықты жақсы көрмеу дұрыс емес. Ең бастысы, ақшаны сіз үшін құнды заттарға жұмсай білу. Әйтпесе қаражатты оңды-солды шашудың арты жақсылыққа апармасы шындық.
6. Өсек айту
Өсек айту — бәле. Егер сіз біреу туралы бір нәрсе білгіңіз келсе, сұраңыз. Бірақ болжам жасаудың қажеті жоқ → одан өсек пайда болады.
Сіздің ойыңызды мазалайтын адаммен сыртынан ғайбат айтып жүргенше, онымен тікелей тілдескен абзал.
Жаныңыздағы адамдарды кінәраттамаңыз. Өзіңіздің әр сөзіңізге абай болыңыз. Тек шындықты айтыңыз және өзгелерді өсектеуден аулақ болыңыз.
7. Бос уақыттың барлығында жұмыс жасау
Демалыс керек. Жұмысқа қабілеті өте жоғары адамзаттың өзі белгілі бір уақытта демалысты қажет етеді. Адам ағзасы қысқа импульспен жұмыс жасауға дағдыланған. Сондықтан да физикалық және моральды тұрғыдан қалыпқа келіп отыру үшін тұрақты демалу керек. Мінсіз өнімді күн былай сипатталады: белсенділік, қысқа демалыс, белсенділік, қысқа демалыс және осылай жалғасады.
Күн сайын демалуға, ойлануға және қалыпқа келуге уақыт табыңыз. Өзіңізді алдамаңыз, қандай жағдай болсын бірнеше минутқа тыным табыңыз. Бірнеше минут терең тыныстап, қазіргі сәттен ләззат алыңыз.