Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімі: Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру
Тақырыбы: 8 саны және цифры
Мақсаты: а) 8 саны мен цифрын енгізу, 8 санының қалай пайда болатындығын түсіндіре отырып, 8 - ге дейінгі сандарды тура, кері санауға жаттықтыру, 8 цифрын тану және дұрыс бейнелеуді үйрету.
ә) балалардың зейіні мен есте сақтау қабілетін дамыту
б) бір - біріне көмек көрсетуге дайын тұруға тәрбиелеу
Қажетті құралдар: 0 - ден 8 - ге дейінгі сандар, текше, суреттер, слайд, жұмыс дәптері т. б
Билингвизм:
Себепті қызығушылығын ояту кезеңі.
Шаттық шеңбері:
Қайырлы таң досым,
Қайырлы күн болсын
Жеті күннің әр кезі
Сәттілікке толсын
Біздің алар бағамыз
Кілең бестік болсын!
- жылдың қай мезгілі?
- қыс мезгілінде неше ай бар?
- қазір қай ай?
- балалар, біз өткен оқу іс - әрекетте неше санымен таныстық?
- Бір аптада неше күн бар?
- 7 саны туралы тағы не білеміз?
Ұйымдастырушылық ізденіс кезеңі.
Ойын: «Кім шапшаң?»
1. Аспанда неше ай бар?
2. Бағдаршамда неше көз бар?
3. Қонжықтың табаны нешеу?
4. Адамда неше көз бар?
5. Қолғапта неше саусақ?
6. Қоянда қанша құлақ бар?
7. Аспанда қанша жұлдыз бар?
1) 1 - ден 7 - ге дейінгі сандарды тура, кері санау
2) сандардың құрамын табу
Жаңа сабақ
Логикалық жұмбақ
Төңкергенде өзгермейді қаласың таң
Айта қойшы білсең егер қай сан?
Логикалық сұрақ
Үйде бізде көп кісі
Мен олардан көп кіші
Апам, әкем, әжем
Атам мен бәрі неше кісі (5 кісі)
- 8 санына байланысты қандай мереке бар?
- 8 наурыз қандай мереке?
Дүниеде ең жақын адам, ол кім?
- 8 санына нелер ұқсайды?
Ой қозғау.
Анасы баласына компьютерге отыруға 9 минут уақыт берді. Кішкене уақыттан соң баласына анасы «балам бір минуттан соң тұрасың» - деді. Сонда баласы неше минут отырған? (8мин)
8 санының жазылуы. Құрамымен таныстыру.
Орал қаласы
№ 44 мектеп - гимназиясының
мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі
Балмуканова Айдана Турлановна
8 саны және цифры. жүктеу
8 саны және цифры
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
infohub.kz редакциясы · 2024 ж. 5 наурыз652 қаралым
#кері санау#8 саны және цифры#8 ге дейінгі сандарды тура санау
Ұсынылады
Жаңа жылдық ойындар
Жаңажылдық кеште қонақтардың көңіл-күйін қалай көтересіз? Дәстүрлі мерекелік дастархан мен тілек айту аздық ететіні анық. Демек, қызықты әзіл мен жұмбақтар, сайыс пен ойындар ұйымдастыру керек. Түн...
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
Ертегілер жинағы
1. Ертегілер мектепке дейінгі балалардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру механизмі. Бұл механизм психологтар белгілеген теория негізінде бірізділікте құрылған және сатылап жүзеге асады.
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
21 - ден 100 - ге дейінгі сандар
Сабақтың тақырыбы: 21 - ден 100 - ге дейінгі сандар.
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
← АртқаДереккөз: bilimdiler.kz

