ОҚО, Шардара ауданы, Алатау батыр ауылы,
№3"Қазақстан" бастауыш мектебінің мұғалімі
Мырзаева Баян Адырбаевна
Сабатың тақырыбы: 9 санын қосу және азайту
Сабақтың мақсаты:
• Білімділік: Оқушылардың қосу және азайту кестесі туралы түсінігін ойын арқылы қалыптастыру.
• Дамытушылық: Оқушылардың зейінін, зерде үрдісін дамыту, қиялын ұштап, қабілеттерін шыңдау, шығармашылыққа жетелеу.
• Тәрбиелік: Оқушыны ізденуге, салыстырулар жүргізе білуге, бірлесе жұмыс істеуге, ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
• Сабақтың көрнекілігі: Дидактикалық плакат, суреттер, қима қағаздары.
• Сабақтың түрі: Аралас, ойын сабақ.
• Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, топтастыру әдісі.
• Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлемдесу.
Психологиялық дайындық.
Математикалық тақпақтар.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
Құстардың тапсырмаларын орындау.
ІІІ. Ұйымдастыру кезеңі
Армысыздар, балалар,
Дайынбыз ба сабаққа?
Шебер, шешен өнері
Сай келейік талапқа.
Бар ма үйден дайындық?
Тапсырмамыз дұрыспа?
Оқымысаң уайым жеп,
Тығылмаймыз қуысқа.
Ойымызды айтайық,
Білімімізді бастайық.
Мына тұрған ұстаздар
Қалсын бір сәт марқайып.
ІV. Психологиялық дайындық
Көп ойнаған бала болады,
Көп ойланған дана болады.
Математикалық тақпақтар. Оқушыларға кішкене математика туралы ұғым беру.
1. Қосу амалының компоненттерін ата.
2. Азайту амалының компоненттерін ата.
3. Қосу амалының
қасиеттерін ата.
V. Жаңа сабақ
«Кім жылдам»ойыны
1 - тапсырма:
а) қосылғыштарының
бірі 9 болатын
қосындылар құр.
Мәндерін тап.
Қосу кестесін қолдан.
Сергіту сәті:
Жалғыз саусақ тіпті де,
Ұстай алмас жіпті де,
Екі саусақ бірікті,
Ине қолға ілікті.
Үш саусағым орамды,
Жүгіртеді қаламды,
Өнерлі екен он саусақ,
Қала салсақ жол салсақ.
2 тапсырма
Есептің шартын толықтыр. Есепті қысқаша жаз және шығар.
- 7
-?, 2 - еуі артық.
Шешуі: 7+2=9
Жауабы: 9 қарақу
3 - тапсырма
а) гүлдегі тапсырмаларды орындау.
ә) пойыздағы есептерді шығару.
VІ. Жұмбақ шеше білесің бе?
Мақал – мәтел.
1. 5 алманың біреуін,
Досың сұрап алады.
Айтшы сонда нешеуі,
Өз қолыңда қалады.(4)
2. Алма ағашта 5 алма,
Қандай тәтті жесе алма.
Бесеуін де жеп қойсам,
Қалады онда неше алма?(0)
3. Табақта 4 өрік,
Қолымда екі өрік,
Қосқанда барлығын
Болады неше өрік?(6)
4. Көлден ұшты 7 қаз,
Қайтып қонды 2 қаз
Қонбады оның нешеуі?
Қане, кім тез шешеді?(5)
5. Алдында 3 балапан
Артында 3 балапан
Ақ тауық пен балапан,
Айтшы санын балақан?(8)
Оқусыз білім жоқ,
Білімсіз күнің жоқ.
Білімді – мыңды жығады.
Мектеп кеме, білім теңіз.
Ана - өмір гүлі.
9 санын қосу және азайту
ОҚО, Шардара ауданы, Алатау батыр ауылы,
infohub.kz редакциясы · 2024 ж. 5 наурыз528 қаралым
#9 санын қосу және азайту#математикадан ашық сабақ#1 сыныпқа арналған
Ұсынылады
Жаңа жылдық ойындар
Жаңажылдық кеште қонақтардың көңіл-күйін қалай көтересіз? Дәстүрлі мерекелік дастархан мен тілек айту аздық ететіні анық. Демек, қызықты әзіл мен жұмбақтар, сайыс пен ойындар ұйымдастыру керек. Түн...
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
Ертегілер жинағы
1. Ертегілер мектепке дейінгі балалардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру механизмі. Бұл механизм психологтар белгілеген теория негізінде бірізділікте құрылған және сатылап жүзеге асады.
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
21 - ден 100 - ге дейінгі сандар
Сабақтың тақырыбы: 21 - ден 100 - ге дейінгі сандар.
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
← АртқаДереккөз: bilimdiler.kz

