Тақырыбы: 9 санының құрамы
Математика
Мақсаты: Оқушыларға көрнекіліктің көмегімен 9 саны жайлы түсінік беру. Суреттен саны 9 болатын заттарды тапқызу арқылы оқушыларға 9санының құрамын түсіндіру. Өрнек, теңдік жайлы білімдерін пысықтау.
Оқушылардың ой - өрісін дамыту, сөздік қорын молайту. Математикалық тілде сөйлеуге баулу. Өз ойларын толық жеткізе алуға дағдыландыру.
Оқушыларды шапшаңдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Логикалық ойлау қабілеттерін арттыру.
Көрнекілігі: сызбалар, жеке суреттер, геом. фигуралар, 9 санының баспа, жазба түрі.
Әдіс - тәсілдер: сұрақ - жауап, түсіндіру, көрнекілік, әңгімелеу, талдау - жинақтау әдістері.
Сабақ түрі: аралас сабақ
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды сабаққа даярлау.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі
6 - тапсырма 93 - бет. Мысалдарды орындау
Қосымша дәптердегі тапсырманы жазу.
ІІІ. Білімді жан - жақты тексеру кезеңі
Суреттерден 8, 9 санын білд. заттарды тапқызып санату.
9ға дейін санату және кейін санату.
Қандай геометриялық фигураларды білесіңдер?
Ұзындықты немен өлшейміз?
Суреттерді біріктіруге мысалдар келтірту.
Бірігіп, топталып тұрған қояндардың суреттеріне бөліп алғызу.
Мысалдар келтірту.
ІҮ. Жаңа сабаққа даярлық кезеңі
Тақтадағы суреттермен жұмыс. Суреттен 9санын білдіретін заттарды тапқызу. Басқа заттармен салыстыру.
Мұғалімнің түсіндіруі 9саны туралы түсінік беру.
Ү. Жаңа білімді меңгерту кезеңі
Оқулықпен жұмыс
№1 9санының құрамын анықтау 5 4=9, 3 6=9, 8 1=9, 7 2=9, 1 8=9, 0 9=9
№2 Сурет бойынша сұрақтарға жауап беру.
№3 Кесіндіні өлшеп, салыстыру. 9см 8см 9см - 1см=8см
№ 4 «Тез есепте» ойыны
№5 «Кім тапқыр?» ойынын ойнату.
Сергіту сәті
Дәптермен жұмыс
Үлгі дәптердегі тапсырманы орындату.
(дәптерге жазу ережесін ескерту)
ҮІ. Сабақты бекіту кезеңі
Шығармашылық тапсырма
Берілген сурет бойынша өз ойларын жеткізе отырып суреттен саны 8 және 9 болатын заттарды тапқызу. 9 саны шығатын мысалдар ойлату.
ҮІ. Қорытынды
10ға дейін санату және 10 нан кейін санату.
Қандай геометриялық фигураларды білесіңдер?
Оларды бөліктерге қалай бөлуге болады?
ҮІІ. Үйге тапсырма беру кезеңі
94, 95 - бетке дайындалу. №6 тапсырманы дәптерге орындау.
ҮІІІ. Бағалау
Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы
№1 жалпы білім беретін орта мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі:
Бегенова Әдемі Дюсембекқызы
9 санының құрамы
Тақырыбы: 9 санының құрамы
infohub.kz редакциясы · 2024 ж. 5 наурыз716 қаралым
#9 санының құрамы#бастауыш сыныптарына арналған#математикадан сабақ#9 саны жайлы түсінік
Ұсынылады
Жаңа жылдық ойындар
Жаңажылдық кеште қонақтардың көңіл-күйін қалай көтересіз? Дәстүрлі мерекелік дастархан мен тілек айту аздық ететіні анық. Демек, қызықты әзіл мен жұмбақтар, сайыс пен ойындар ұйымдастыру керек. Түн...
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
Ертегілер жинағы
1. Ертегілер мектепке дейінгі балалардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру механизмі. Бұл механизм психологтар белгілеген теория негізінде бірізділікте құрылған және сатылап жүзеге асады.
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
21 - ден 100 - ге дейінгі сандар
Сабақтың тақырыбы: 21 - ден 100 - ге дейінгі сандар.
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
← АртқаДереккөз: bilimdiler.kz

