Ұлыбританияның 97 жастағы тұрғыны Бетти Бромейдж ұшақ қанатында ұшу жасы бойынша ең үлкен әйел ретіндегі мәртебесін тағы да растады. Бұл экстремалды трюкті ол алтыншы рет орындап, Гиннесс кітабына енген өз рекордын жаңартты, деп хабарлайды infohub.kz.

Челтнемнен шыққан Бетти Бромейдж қанатта ұшуды алғаш рет 87 жасында сынап көрді. Өткен жылы тамызда ол инсульт алып, сөйлеу қабілетіне әсер еткенімен, батыл зейнеткерді бұл тоқтата алмады. Өз ұшуы арқылы ол Челтнем жалпы ауруханасының инсульт бөлімшесіне қайырымдылық қаражат жинауды көздеді, өйткені дәл осы аурухананың дәрігерлері оған ауру кезінде көмектескен еді. Бұған дейін Бромейдж өзі медбике болып жұмыс істеген.

Челтнем мен Глостер ауруханаларының қайырымдылық қорының өкілі Имоджен Симс Бромейджді батылдығы мен қолдауы үшін алғыс білдірді. Оның айтуынша, қайырмалдықтар пациенттер мен персоналға арналған жабдықтарды сатып алуға жұмсалады. Рекордшының өзі жалғыз қиындық — бойының аласалығынан қанатқа көтерілу екенін, ал ұшудың өзі оған үлкен қуаныш сыйлап, зерігуден құтқаратынын мойындады.