Тақырыбы: Ә дыбысы мен әрпі
Мақсаты: Ә дыбысы мен әрпін таныстыру. Ә әрпіне байланысты сөздерді буынға бөлу, дыбыстық талдау жасату, сөйлеу қабілетін дамыту, сөздік қорын молайту. Табиғатты аялауға, қорғауға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: жылжымалы тақта, суреттер т. б.
Әрекет кезеңдері: Тәрбиешінің әрекеті. Баланың әрекеті.
І. Ұйымдастыру бөлімі.
- Сәлеметсіздер ме балалар. Бүгінгі сауат ашу сабағы өзгеше өткелі отыр, оған себеп, бүгін бізге қонаққа апайлар келіп отыр. Солармен амандасып алайық.
ІІ. Психологиялық дайындық.
Қайырлы таң досым.
Қайырлы күн болсын.
Жеті күннің әр кезі,
Сәттілікке толсын.
Біздің алар бағамыз, кілең бестік болсын!
Шаттық шеңберінде тұрып жаттығу жасайды.
Ұйымдастырушылық, ізденушілік.
- Апайлармен бірге бізге қонаққа әже де келіп отыр. Ол кісі сендерден көмек сұрай келіпті. Әженің Әсет және Әсел деген екі немересі бар екен. Әкі бала ауыл сыртындағы орманға саңырауқұлақ теруге шығып адасып кетеді. Сол балаларды тауып беруіміз керек. Қане әжемізге көмектесеміз бе?
- Иә.
- Ол үшін балалар сендер менің сұрағымды мұқият тыңдап, жауап беріп отырыңдар
ІІІ. Өткен сабақты еске түсіру. «Кім зерек?» ойыны (сұрақ - жауап)
- Өткенде қай әріппен таныстық?
- І дыбысы дауысты ма, дауыссыз ба?
- Неге дауысты дыбысқа жатқызамыз?(ереже)
- Қане, сол І дыбысына сөздер ойлап жіберіңдерші.
- Жуан айтылып тұр ма, жіңішке айтылып тұр ма?
- Дыбыс деген не? (Дыбысты естиміз, айтамыз)
- Әріп деген не? (Әріпті жазамыз, көреміз, оқимыз)
Өте дұрыс, біз әжемізге көмектесуге дайынбыз.
- Әжеміз келе жатса алдынан бір үлкен өзен шығыпты. Бұл кісіні өзеннен өткізу үшін тапсырма орындауымыз керек.
«Өзеннен өту».
Жұмбақтың шешуін дұрыс шешсеңдер әже өзеннен өтеді.
- Бұрап қойған сағаттай
Айқайлайды таң атпай.(әтеш)
Жарайсыңдар балалар біз әжемізді өзеннен өткіздік.
- Әтеш сөзі қай дыбыстан басталып тұр?
- Ә дыбысынан. – Бүгін Ә дыбысы және әрпімен танысады екенбіз.
- Ә дыбысы дауысты ма, дауыссыз ба? Бұны білу үшін бәріміз Ә деп әндетейік.
- Қандай дыбыс екен? – Дауысты
- Ә ауыз мол ашылып, тіл мен иектің төмен түсуінен пайда болатын жіңішке дауысты дыбыстың таңбасы. Көбінесе сөздің бірінші буынында қолданылады.
Өзеннен өтіп орманға келдік.
- Орманды қане көз алдымызға елестетейікші.
(балалар өз ойларын айтады)
- Қандай аңдарды білетін едік?
- Олай болса әжеге кедергі келтіріп тұрған әрі қарай орындап біз әжеге көмектесейік.
І - аң қасқыр.
Қасқырдың тапсырмасы: Әрпінен сөз ойлау, дыбыстық талдау жасау, буынға бөлу.
- Қасқырдың тапсырмасын орындаймыз. Ә әрпінен басталатын сөздер ойлап, дыбыстық талдау жасаймыз.(дыбыстық талдау)
- Ән, дәрі, әтеш, әке – Өте жақсы.
- Қасқырдың сыйластық жақсы сөзі: Жолың болсын!
Ә дыбысы мен әрпі. жүктеу
Ә дыбысы мен әрпі
Тақырыбы: Ә дыбысы мен әрпі
infohub.kz редакциясы · 2024 ж. 5 наурыз558 қаралым
#ә дыбысы мен әрпі#дыбыстық талдау#буынға бөлу#сөйлеу қабілетін дамыту
Ұсынылады
Жаңа жылдық ойындар
Жаңажылдық кеште қонақтардың көңіл-күйін қалай көтересіз? Дәстүрлі мерекелік дастархан мен тілек айту аздық ететіні анық. Демек, қызықты әзіл мен жұмбақтар, сайыс пен ойындар ұйымдастыру керек. Түн...
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
Ертегілер жинағы
1. Ертегілер мектепке дейінгі балалардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру механизмі. Бұл механизм психологтар белгілеген теория негізінде бірізділікте құрылған және сатылап жүзеге асады.
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
21 - ден 100 - ге дейінгі сандар
Сабақтың тақырыбы: 21 - ден 100 - ге дейінгі сандар.
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
← АртқаДереккөз: bilimdiler.kz

