Атырауда Абай көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысы уақытша тоқтатылады. Бұл шаралар «Жұлдызды аспан» жарық конструкцияларын орнатуға байланысты.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қозғалыс шектеулері
Акиматтың мәліметінше, 2026 жылдың 14-25 қаңтары аралығында Абай көшесінің «Ақжайық» айналма жолынан Махамбет көшесіне дейінгі бөлігінде қозғалыс күн сайын сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін шектеледі.
Қала тұрғындары мен қонақтарынан алдын ала қозғалыс бағыттарын жоспарлап, уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұрайды.


