Абай облысында құқық қорғау органдары үш жылдан астам бұрын жасалған қылмысты ашты: бұрын ақша табуға кетіп, хабарсыз кеткен ер адамның өліміне қатысы бар күдікті анықталды, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Ішкі істер министрлігінің ақпараттық медиапорталында айтқандай, ер адамның жоғалу жағдайы 2023 жылдың қыркүйегіне жатады. Полицияға әйел адам хабарласып, ақша табуға кетіп, байланысқа шықпай кеткен жұбайын іздеуге көмек сұраған. Қажетті іздестіру және жедел-іздестіру шаралары жүргізілгенімен, сол кезде ер адамның қайда екенін анықтау мүмкін болмады.
Ведомствода хабарсыз кеткен азаматтың тағдырын анықтау жұмысы тоқтамағанын атап өтті. Полицейлер болған оқиғаның түрлі нұсқаларын кезең-кезеңімен пысықтап, оның жоғалуына қатысы болуы мүмкін адамдарды анықтады.
«Жедел-іздестіру шаралары барысында тәртіп сақшыларының назарына бір азамат ілікті. Ол аталған кісі өлімін жасағаннан кейін басқа қылмыс үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылып, кейін бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтегені анықталды. Оның ер адамның жоғалуына қатысы болуы мүмкін екенін тексеру үшін қосымша кешенді жұмыс ұйымдастырылды. Нәтижесінде күдікті кінәсін мойындап, жасалған қылмыстың мән-жайын егжей-тегжейлі баяндап, ер адамның денесін жасырған жерін көрсетті», — деп қосты ІІМ-де.
Қазіргі таңда айыптау қорытындысымен қылмыстық іс сотқа жіберілді.


