Абайтану 9 сынып
Сабақ тақырыбы: Абай және Пушкин
Сабақ мақсаты:
Білімділік: оқушыларға екі ақынның рухани үндестігін түсіндіру.
Дамытушылық: оқушыларға Абайдың аудармаларын оқыту арқылы тіл байлығын дамыту.
Тәрбиелік: ұлы ақындардың мұраларын құрметтей білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: ақындардың суреті, слайд
Сабақ барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу
Оқушыларды сабаққа дайындау
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі
Крыловтан аударған кез - келген мысалды жаттап келу.
ІІІ: Жаңа сабақ
Отанымыздың өткен замандағы екі ұлы ақыны - Пушкин мен Абайдың бір - бірімен творчестволық жақындығы, поэзиядағы екеуінің ақындық өнер үйлестігі ұлы орыс халқы мен қазақ халқының терең достығынан, бұл екі халықтың да алдында тұрған озат арманынан, игі нысанынан туды. Қазақ халқының қалың бұқарасы орыс халқының қалың бұқарасымен достық көзқараста болғаны, орыс халқын аға санағаны сияқты озық пікірлі орыс әдебиетін, оның Пушкин сынды данышпан өкілін Абай да өзіне үлгі, мектеп деп білді. Сондықтан Абай ақындық еңбегінің бірсыпырасын тек орыстың классик поэзиясын қазақ тіліне аударуға жұмсайды. Байрон, Гете сияқты өзге европалық елдер классиктерінен бірер өлеңді аударса, оны да Абай Лермонтовтың аудармаларынан алып қазақшалайды. Анық орыс классиктерінен Абайдың аударғандары - Крыловтың бір топ мысалдары, Пушкиннің "Евгений Онегиннен" үзінділері және Лермонтовтан жасаған көп аудармалар. Тағы бір, жалғыз өлеңді Букиннен аударған.
Абай және Пушкин. жүктеу
Абай және батыс әдебиеті. жүктеу
Абай және батыс әдебиеті1. жүктеу
Абай мұрасының орыс және өзге тілдерде танылуы. жүктеу
Абай және Пушкин
Сабақ тақырыбы: Абай және Пушкин
infohub.kz редакциясы · 2024 ж. 5 наурыз552 қаралым
#абайтану 9 сынып#абай және пушкин#сабақ жоспары абайтану
Ұсынылады
Жасанды интеллект және қазақ тілі: Талғарда маңызды жиын өтті
Талғар ауданында жасанды интеллект дәуірінде ана тіліміздің тағдыры мен рухани құндылықтар мәселесі талқыланды. Жиында қазақ тілінің цифрлық кеңістіктегі бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолдары қаралды.
infohub.kz редакциясы·2026 ж. 19 наурыз
Бейімбет Майлин – қазақ әңгімесінің қас шебері
Бейімбет Майлин – қазақ әңгімесінің қас шебері.
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
ХІХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетіне шолу
Қазақ әдебиеті 9 - сынып
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
← АртқаДереккөз: bilimdiler.kz

