Тақырыбы: Абай Құнанбаев ʻʻҚысʼʼ.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың Абай Құнанбаевтың өмір оның шығармалары туралы білімін кеңейту. «Қыс» туралы өлеңнің мазмұнымен идеясын ашу. Оқушылардың таным мүмкіндіктерін аңықтау; Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорын, ойын көз алдына елестету, есте сақтау қабілеттерін дамыту;
Тәрбиелік: Қоршаған ортаның тылсым сырларына қызықтыру арқылы туған елінің табиғатын сүйе білуге баулу, оған қамқоршы болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Абайдың портреті, қыс мезгілінің суреттері, музыка, сөзжұмбақ.
Әдістері: сөздік, сұрақ – жауап, ой қозғау, салыстыру.
Типі: жаңа сабақ, кіріктірілген. Ақпараттық құралдар: компьютер, экран, мультимедиялық проектор.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі: Үй тапсырмасын сұрау.
II. Жаңа сабақ: а). Психологиялық дайындық. Ауа райы құбылыстарының қимылын жасау.
Бүгін 21 – желтоқсан күні Аралбай ауылында жаңбыр жаумайды, бірақ жаңбырдың қалай жауатынын қимылмен көрсету. Ертең қар жауды, қар жаудыру. Арғы күні жел тұрып қатты боран соғады. Қимылмен көрсету.
ә). Оқушылардың зейінің сабаққа аудару үшін мына сөзжұмбақты шешіп, ұлы адамның есімін табу керек.
Слайд - 1
1. Ұлттық музыкалық аспап. домбыра
2. Су жәндігі. балық
3. 19 – желтоқсан күні кімнің туған күні болды? Асылан
4. Сынып жетекшілерінің есімі. Зайра
б). Аққала құрастыру арқылы жаңа сабағымыздың тақырыбын ашамыз. Аққаланың әрбір бөлімінде бір – бір жұмбақ берілген.
Слайд - 2 1). Қыста бар да, жазда жоқ. (Қар)
). Құлағы мен аузы жоқ, Жоқ тіпті қол мен аяғы. Бірақ ғажап өнерпаз Мәнерлеп ою салады. (Аяз) 3). Көлге жапқан қақпақ, Сіресіп тұр – қатты – ақ. (Мұз)
4). Қанаты жоқ - ұшады. Аяғы жоқ – жүреді. Аузы жоқ – ұлиды (Боран) Жұмбақтың шешуіндегі сөздер қай мезгілге байланысты айтылған сөздер? (Қыс)
III. Ой ашар.
Слайд - 3 Бүгін Абай Құнанбаевтың «Қыс» өлеңімен танысамыз. Абай туралы не білеміз? Оқушы ойын тыңдау.
Сабақтың толық нұсқасын жүктеу
Абай Құнанбаев ʻʻҚысʼʼ
Тақырыбы: Абай Құнанбаев ʻʻҚысʼʼ.
infohub.kz редакциясы · 2024 ж. 5 наурыз931 қаралым
#бастауыш сынып сабақ жоспары#абай құнанбаев ʻʻқысʼʼ өлеңі
Ұсынылады
Жаңа жылдық ойындар
Жаңажылдық кеште қонақтардың көңіл-күйін қалай көтересіз? Дәстүрлі мерекелік дастархан мен тілек айту аздық ететіні анық. Демек, қызықты әзіл мен жұмбақтар, сайыс пен ойындар ұйымдастыру керек. Түн...
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
Ертегілер жинағы
1. Ертегілер мектепке дейінгі балалардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру механизмі. Бұл механизм психологтар белгілеген теория негізінде бірізділікте құрылған және сатылап жүзеге асады.
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
21 - ден 100 - ге дейінгі сандар
Сабақтың тақырыбы: 21 - ден 100 - ге дейінгі сандар.
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
← АртқаДереккөз: bilimdiler.kz

