Әдебиеттік оқу 3 - сынып
Сабақтың тақырыбы: Әбілмансұр
Сабақтың мақсаты:
Білімдік: оқушыларды жоңғар шапқыншылығында ерлігімен көзге түскен қазақ ханы Абылаймен таныстыру, ерліктерін насихаттау.
Дамытушылық: оқушылардың өз еліне, туған жеріне деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру.
Тәрбиелік: оқушыларды отансүйгіштікке, патриоттық сезімге баулу.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: әңгімелеу, баяндау, сұрақ - жауап, топтастыру, кезбе тілші
Сабақтың көрнекілігі: Абылай ханның суреті, Төле бидің суреті
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Шаттық шеңберінде бір - біріне тілек айтады.
Жеміс атаулары бойынша топқа бөлу. Алма, алмұрт, жүзім - суреттері таратылады. Сол сурет бойынша алмалар 1 - топ, алмұрттар 2- топ, жүзімдер 3-топ болады.
Топтардың атын анықтау. Алғырлар, Тапқырлар, Зеректер тобы болып бөлінеді.
Үй тапсырмасын сұрау. Шал мен бала, әр топтан шығып мазмұндау.
Ой қозғау. Абылай ханның суреті мен мәлімет жазылған парақты әр топқа беру. Сол арқылы топтау жұмысын жүргізу.
Абылай хан (шын аты Әбілмансұр) - 1711 - 1781 - қазақ ханы, батыл қолбасшы.
15 жасында жоңғарларға қарсы соғысқа қатысып, ерлік көрсеткен. Абылай хан
өте шешен, батыл қолбасшы, арқалы күйші болған."Қара жорға","Шаңды жорық",
"Қайран елім"т. б күйлері бар. Үш жүздің басын қосып күшін біріктіруде Абылай хан зор роль атқарды.
Абылай хан
Әр топтан бір - біріне барып, мәліметті толықтыртады.
Ендеше бүгінгі тақырыбымыз Әбілмансұр деп аталады. Дәптерге жазу.
Мәтінді 3 бөлікке бөліп 3 топқа оқыту, топта талқылау. Әр топтан 1 оқушы шығып мәтін бойынша түсінігін айтады.
Сөздік жұмысын жүргізу. Қол сөзінің мағынасын түсіндіру. Қол – бұл жерде әскер деген мағынаны береді. Қол сөзінің тағы қандай мағынасын білесіңдер? Қол сөзіне сөйлем ойлату. 3 топ 3 сөйлем ойлайды.
Қазақта қол бастаған батырлар көп. Абылай қалың қолмен жауға шапты.
Сергіту сәті
Мәтінді барлық топқа толық іштей оқыту.
Қорытындылау. Кезбе тілші әдісі бойынша қорытынды жасалады.
Сыныптан 1 оқушы тілші болып, оқушыларға сұрақтар қояды.
Саламатсыз ба? Мен тілші едім, сізге сұрақ қоюыма бола ма? Рахмет
Әбілмансұр қайда сұранды?
Әбілмансұр кімнен бата алды?
Шарышпен айқаста Әбілмансұр не деп ұран салды? Оның себебін түсіндір.
Әбілмамбет хан қандай шешімге келді?
Абылай хан туралы қандай кино көрдің?
Үйге тапсырма
Мәтінді оқу, мазмұндау. Әңгіменің басталуын өзіңше толықтыр.
Сабақ соңында қай топтың жақсы жұмыс жасағанын атап өту, бағалау
Әбілмансұр
Әдебиеттік оқу 3 - сынып
2024 ж. 5 наурыз679 қаралым

#әдебиеттік оқу 3 сынып#абылай хан туралы#сабақ жоспары бастауыш сынып
Ұсынылады
Жаңа жылдық ойындар
Жаңажылдық кеште қонақтардың көңіл-күйін қалай көтересіз? Дәстүрлі мерекелік дастархан мен тілек айту аздық ететіні анық. Демек, қызықты әзіл мен жұмбақтар, сайыс пен ойындар ұйымдастыру керек. Түн...
2024 ж. 5 наурыз
Ертегілер жинағы
1. Ертегілер мектепке дейінгі балалардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру механизмі. Бұл механизм психологтар белгілеген теория негізінде бірізділікте құрылған және сатылап жүзеге асады.
2024 ж. 5 наурыз
21 - ден 100 - ге дейінгі сандар
Сабақтың тақырыбы: 21 - ден 100 - ге дейінгі сандар.
2024 ж. 5 наурыз
← АртқаДереккөз: bilimdiler.kz

