Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Адам, ит, мысық және қаршыға

Ертеде адам, ит, мысық және қаршыға төртеуі ант ішіп, серттесіп, адал дос болыпты. Олар бір жерде жатып, бір қазаннан тамақ жеп, ауыртпалықты бірге көтермек болыпты. Сонымен бір күні олар аң аулауға шығыпты. Олар жүре-жүре шаршаған соң бір өзеннің жағасына отырып дем алыпты. Осы кезде орман арасынан бір аю тұйықсыз ақырып шыққан екен, әлгілер жан-жаққа қашыпты. Тек ит қана аюмен алысыпты, адам үйіне, мысық далаға, қаршыға аспанға зытыпты. Иттің үш досы ішкен ант, берген серттен тайып оны жау қолына беріпті.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама