Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Өзім туралы
1 сынып
Сабақтың тақырыбы: Әдептілікке үйренейік. Сөз
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 1. 2. 5. 1 мәтін иллюстрациясы бойынша сұрақтар қоя білу немесе оқығаны бойынша қойылған сұраққа жауап беру (мұғалім көмегімен)
1. 1. 1. 1 тыңдау барысында тілдік бірліктерді (сөйлеу, сөз, сөйлем, мәтін) ажырату, тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну
1. 1. 5. 1 түрлі жағдаяттарда этикет сөздерін қолдана білу
1. 3. 8. 1 жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазу.
Тілдік мақсаттар Қайырлы күн! Сау болыңыз! Көріскенше!
Сыпайылық, сыйластық, әдептілік сөздері
Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер: ауызша сөйлеу, өз көзқарасын білдіру және талқылау.
Талқыланатын мәселелер:
– Өлеңде қандай әдептілік ережелері ұсынылған?
– Сен осы ережелерді орындап жүрсің бе?
– Қалай орындап жүрсің?
– Үсті - басың таза болу үшін не істейсің?
– Мектепке кешікпеу үшін не істейсің?
– Үлкендердің көңілінен шығу үшін не істейсің?
– Әдепті болу үшін не істей аласың?
Құндылықтарды дарыту: Кішіпейілділікке, әдептілікке, ізеттілікке, сыпайылыққа, үлкендерді құрметтеуге тәрбиелеу.
Пән аралық байланыстар: Дүниетану, көркем еңбек
Бастапқы білім: Сөз, сөйлем, мәтінді ажыратады.
Сабақтың басы
- Сәлеметсіңдер ме, балалар?
«Шаттық шеңберін» құру. Әдемі әуеннің ырғағымен оқушыларды шаттық шеңберіне тұрғызып, өлең жолдарын қайталату:
Жарқырап күн де ашылды,
Күн нұры түгел шашылды.
Қайырлы күн қонақтар
Біз әдепті баламыз
Қайырлы күн ұстазым
Біз көңілді боламыз.
- Балалар, өлең жолдарында қандай бала боламыз дейді?
- Әдепті баламыз.
- Ендеше, балалар, бүгін біз не туралы әңгімелеседі екенбіз?
- Бүгінгі сабағымыз мынандай әдемі суреттер арқылы басталады.
- Өздеріңе ұнаған суретті таңдап алыңдар?
- Осы суреттердің мазмұнына сай топқа бөлініп отыра қалыңдар?
Жақсы қасиеттер бейнеленген сюжетті суреттер арқылы балаларды топқа бөлу. (Амандасып жатқан адамдар, үлкенге орын беру, үлкенді жолдан өткізу)
(МК) Суретпен жұмыс. Сурет арқылы жаңа сабақ мақсатын анықтау.
- Алдарыңда жатқан суреттерге көңіл аударайықшы!
- Бұл суреттердегі баланың іс - әрекеттері жайында не айтасыңдар?
- Үлкен адаммен амандасты, орын берді, жолдан өткізді, яғни бұл қандай бала екен?
- Әдепті бала.
- Ендеше біз бүгін әдептілік жайында әңгімелесеміз.
Мұғалімнің ауызша бағалауы (Жарайсың! Өте жақсы! Керемет!)
Мектеп: «№1Белоусовка орта мектебі» КММ
Мұғалімнің аты - жөні: Кутпаева Ж. К.
Әдептілікке үйренейік. Сөз. жүктеу
Әдептілікке үйренейік. Сөз
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Өзім туралы
infohub.kz редакциясы · 2024 ж. 5 наурыз580 қаралым
#сөздер#қысқа мерзімді жоспар#кембридж тәсілі бойынша құрылған сабақ#әдептілікке үйренейік
Ұсынылады
Азға қанағат ет
Оқу орыс тілінде жүргізілетін мектептерде қазақ тілі пәні бойынша 3 сыныпқа арналған сабақ жоспарын ұсынып отырмын. Бұл сабақтың негізі жаңартылған білім беру мазмұнына сәйкес жоспарланған. Сабақ б...
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
Күмбір күйдің шебері (Т. Шәмеловтың туғанына 67 жыл)
Сабақтың тақырыбы: «Күмбір күйдің шебері» (Т. Шәмеловтың туғанына 67 жыл)
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
Жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында тарих пәнінде әдіс - тәсілдерді қолданудың тиімділігі.
Өткізілетін орны: Мультимедия кабинеті
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
← АртқаДереккөз: bilimdiler.kz

