Афедронның тарихы немесе «Ақшаның иісі болмайды»
Әжетхана тақырыбы оғаштау болып көрінуі мүмкін. Әйтсе де бұл да өзіндік тарихи деректерімен қызықты мағлұматтарды қамтитын дүние. Ескі жазбалардан алынған мәліметтерге қарағанда көне гректердің үйлерінде афедрон деп аталған ерекше бөлім болған. Бүгінгі мағынамен әжетхана дегенді білдіреді. Көне Римде 3-ші ғасырдың соңына қарай Диоклетианның заманында 144 қоғамдық әжетханалар болды. Бұлардың бір бөлігі ақылы, ал бір бөлігі тегін болған. Осы сияқты сарайда және үйлерде де қажеттілікті кетіретін әжетханалар бар еді. Рим императоры Тибериустың заманында императордың аты және суреті бар мәнеттермен (метал ақшамен) әжетханаға кіргендерге үлкен жаза берілетін. Мұндай әрекетке барғандар императорға қарсы шығушылықпен айыпталып, қамауға алынатын.
Римдіктердің әжетханалары бүгінгі заманауи әжетханаларға ұқсас келетін. Мәрмәрден орындық пішінінде жасалатын. Әсіресе сарайда және ақсүйектердің үйлеріндегілер өрнектерімен көркем өнер туындыларын құрайтын. Римнің тар көшелері мен қуыстарында (көзден таса бөліктерінде) қыштан жасалған үлкен құмыралар болатын. Бұл ыдыстар өткен кеткендердің су төгуіне арналды. Ыдыстар толғанда алынып орнына жаңалары қойылатын. Жиналған сұйықтық егіншілікте немесе өнеркәсіпте қолданылды. Мәшһүр білімгер Пириниустың мәлімдеуінше адам зәрімен тыңайтылған егіннің өнімі басқа егіндерден әлде қайда берекелі боладымыс. Бұл жиналған зәрдің бір бөлігі өнеркәсіпте, әсіресе тері илеу мен мата өңдеу саласында қолданылды. Қазіргі таңда аммиак мата өңдеуде қаншалықты маңызды рөлде болса, ол кезде де зәр мата өңдеу саласында соншалықты маңызды болатын. Тоқылған маталарды зәр толы ыдыстарға салып, аяқпен басып езетін. Осылайша аммиактың әсерімен маталар әрі тазаланып, әрі ағаратын. Көшелердегі амфор деп аталған бұл ыдыстарды жинау міндеті, тері және мата өңдеушілерге беріліп, бұл өз кезегінде оларға өндірістік жеңілдік, яғни кәсіптеріне қолдау ретінде саналды. Ал олар мұның өтемі ретінде үкіметке қосымша салық төлейтін. Император Веспасианның қойған бұл салық түрі әуелде наразылықпен қабылданса да, кейіннен қалыпты жағдайға айналды. Тіпті осы Веспасианның баласы Тит бір күні әкесіне осы салық түрінен шағымданған екен. Сонда әкесі бұл салықтан жиналған ақшалардан бір мәнетті алып, баласының мұрнына тақап, сасып тұр ма деп сұрапты. Ұлы «жоқ» депті. Веспасиан: «бұл әлгі зәрден түскен ақша» деген екен. Содан бүгінгі күнге дейін жеткен әлемге әйгілі «Ақшаның иісі болмайды» деген сөз осыдан қалыптымыс.
Фла́вий Веспасиа́н
Қазіргі таңда Италияның Неаполь қаласына жақын маңда, Помпеи қаласының қалдықтары бар. Ең жақсы сақталған Рим қалаларының бірі. Жанартау лаваларымен жамылғандықтан қаланың толық дерлік бөлігі осы күнге дейін жетіп келген. Осы қирандылар арқылы да сол замандағы үйлердің әжетханалары туралы ауыз толтырып айтарлық мәлімет бар. Римдіктердің үйінде әжетханалар көбінесе үйдің ішінде, ас үйдің жанында болатын. Бұл бөлменің едені басқа бөлмелерден биіктеу еді. Помпейде де римдегідей қоғамдық әжетханалар болды. Осы сияқты Африкадағы Тимгад қаласында да римдіктерден қалған әжетханалар кездеседі. Демек римдіктердің заманында әжетхана мәдениеті жақсы жетіліп, жекелеген түрде де, қоғамдық түрде де болымды түрде қалыптасты.
Тимгад қаласының қалдықтары, Алжир
Тарихи деректерден Қасиетті Рим империясының императоры Шарман Каролус Магнус заманында манастрларда, сарайларда және басқа да ғимараттарда қажеттілікті кетіртіндей мөлшерде әжетхана болғандығы көрінеді. Әсіресе Клюни шіркеуінде төсек санындай мөлшерде әжетхананың болуы, шынында да қызықты жағдай. Ақсүйектердің сарайларында 12-ші ғасырдан бастап әжетхана жасала бастады. Сарайындағы әжетханалар, сарай дуалдарының ішіне ойылып жасалатын.
Бірақ әйтсе де халық сыртта жүргенде қалаған жерде, қалағанынша әжетін кетіруден тартынбайтын. Кейбір адамдардың ойына келген жерде әжетін орындауы бәрінен бұрын ластыққа себеп болуда еді. Сондай-ақ поптарының жерленген мекендерін, шіркеу дуалдарын кірлететіндер де жоқ еместі. Осыны басты назарға алған Сен-Кентин шіркеуінің жоғары алқасы 1246 жылы мынадай жарлық шығарды: «Шіркеу есіктеріне және дуалдарына су төгуге қатаң тиым салынады.»
Клюни абаттығы
Адамзат тарихының ең таңқаларлық тараптарының бірі, орта ғасырдың соңына қарай Еуропада жасалған ғимараттардың құрылысында әжетханаға мүлдем орын берілмеуі. Уақыт өтуімен үйлерде ғана емес, байлармен тектілердің сарайларында да әжетхана жоқ болды. Әжетке шыққысы келгендер, бөлмелеріндегі түбі ойық орындыққа отырып жеңілдегеннен кейін, бұл орындықты бөлменің бір бұрышына жасырып қояытын. Сонымен қатар қыстанған адамдардың әжетін дәліздерде, дуал бұрыштарында, баспалдақ асты сияқты жерлерде орындаулары әдетке айналды. Тіпті тек қана францияның емес, бүкіл дүниежүзіндегі ең үлкен сарайлардың бірі саналатын Фонтенбло және Версальда, салынған кезіндегі құрамында әжетхана жоқ еді. Адамдар қалаған жеріне әжетін орындағандықтан парижде көшелер, аулалар тіпті парктар ластықтан және иістен жүре алмайтындай халге енді. Мұны күн тәртібіне алған Франция королі 1606 жылы жұрттың көзінше әжетін орындағандарға жаза берілуін әмір етті. Бұл қылмыс түрімен ұсталғандар, шейрек алтын төлеуге үкім етілді. Төлей алмағандар 24 сағатқа қамауға алынатын. Бірақ бұл заңның енді шыққан күннің өзінде сарайдың алдыңғы қатарлыларынан мадам Агре ханзаданы бөлмесінің дуалына қарай әжетін орындап тұрғанын көреді. «Бұл ісіңіз сізге мүлдем лайықты емес» деп ханзаданы шейрек алтын төлеуге мәжбүр етті. Сол дәуірден қалған деректерден Франция королінің тұрған сарайының жер жүзіндегі ең лас және ең шулы сарайлардан болғандығы түсініледі. Франция королінің жеке бөлмесіне баратын дәліз үздіксіз келім кетім адамдар салдарынан өте лас еді. Құдды сарайға емес, ақырға кірілгендей болатын. Сарай адамдары, жұмыс бабымен келгендер, күзетшілер, әскерлер және т.б. көптеген адам сарайдың дәліздерін айтып жеткізе алмайтындай дәрежеде ластады. Осыншалықты көп адам жиналатын жерде әжетхана болмауы себепті, әжеті қысқандар баспалдақ астарын, есік арттарын, дәліздерді, тіпті бөлмелердің дуалдарын әжетхана ретінде қолданулары қалыпты жағдай еді.
ХVI ғасырда Англияда да тазалық жағдайы Франциядан өзгеше емес еді. Үйлерде жиналған нәжістер арнайы жерлерде орнатылған үлкен контейнерлерге төгілетін. Әрине бұл контейнерлер болған жерлерден шығатын нәжіс пен иістің бүкіл қаланың саулығына қаншалықты қауіп төндіргені айтпай-ақ түсінікті. Тек Лондонда ғана емес, бірінші Елизаветта ханшайымның сарайында да жағдай осындай еді. Сэр Джон Харрингтон бұл жаман және лас әдістен бастартып, бұдан да таза, және оңай шарасын іздеуді ұсынғанында, оның бұл тазалықпен ілгерішіл көзқарасы оған қымбатқа түсті. Сарайында орындық қолданатынының халыққа ашылғандығына қатты ашуланған ханшайым оны өте ұзаққа қуғынға жіберумен жазаландырды. Сарайлардағы секілді халықтың көп шоғырланатын мәселен театр секілді қоғамдық жерлерде де әжетхана болмады.
Сэр Джон Харрингтон
Осы дәуірде және бұдан бұрындары да болғанындай Версаль сарайында әжетхана жоқ еді. Сарайда ауа алмасу жүйесі, тазалық, жүйелілік дегендер жоқ еді. Түндерде баспалдақ астылары, ауланың қуыстары, қараңғы дәліздер осы іс үшін қолданылып, таң атқанда қызметкерлер қолдарынан келгенше тазалауға тырысатын. Франция королі тұратын қала ішіндегі Тюильри сарайының дәліздері де дәл осындай халде еді. Бірінші қабаттағы дәліздерден көтерілетін жаман иістер сарай тұрғындарының өз дәліздерін темір торлы есіктермен бөгеп, бөтен адамдардың кірмеуін қамтамасыз етуге мәжбүр етті. Бір ретінде екінші қабаттағы терезеден төгілген орындық (әжетхана) ханзаданың паланкинін (ақсүйектерді таситын зембіл) көтерушісінің үстіне төгіліп, байқұс адамның киімін ауыстыру үшін үйіне кетуіне тура келді. Мұндай келеңсіздіктер аз емес еді. Әсіресе сарайларда, байлардың, ақсүектердің үйлерінде терезенің алды жалпылық әжетхана ретінде қолданылатын. Қызметшілер бұл жерге сабан төсеп қоятын. Әжеті келгендер осы жерде қажетін орындап, болғаннан кейін ластығының бетіне сабан немесе құстың қауырсынын қадап кететін. Ластық қатқанында қауырсыннан ұстап терезеден төмен қарай лақтырылатын. Сондай-ақ әдептілік қағидаларында еркектердің әйелдермен жолда жүргенінде, әйелдердің дуал түбінде емес, еркектің оң жағында жүру әдеті сол дәуірдегі әжетхана дәстүрінен келіп шығуда. Өйткені әйелді қорғау мақсатында осындай әдет пайда болған.
Егер әйел дуал түбінде жүріп жоғарыдан ластық төгілсе үсті кірленетін болғандықтан, әйелдерге құрмет және джентельмендік ретінде еркектер дуал түбінде жүріп, әйелдер дуалдан ұзағырақ жақтауда, яғни оң жақта жүретін. Әйелдердің кең көлемді бас киім киюлерінің де әдетке айналуының себебі, осы кез келген сәтте төгілуі мүмкін болған ластықтар қауіпінен туындаған.
Версаль сарайы
Осы дәуірлерде Версаль сарайынан бастап, парктарда, бақшаларда көшелердегі жаман иіс адамның ішін сыздатарлықтай дәрежеде ащы болды. Париж қаласының бұл ластықтары көпшіліктің мазасын қашырмай қоймады. Халықтың әжетін айналаны кірлетпей орындауы үшін әр түрлі пікірлер айтылғанымен бұлардың ешбірі тәжрибе жүзінде шешім бола алмады. Алдымен көшелерде қол арабасы түрінде қозғалмалы әжетханалар жүргізілуі сыналды. Кейіннен көшелерге бір-екіден бөшкелер қойылды. Бірақ әжетхана жасау ешкімнің де ойына кіріп шықпады.
Осы кезеңдерде Венада кейбір адамдар шынында да назар тартарлық жаңалық ашты. Бұлар қолдарында бір шелек және кең көлемді жамылғымен көше кезіп, «Қажеті барларға оңайлық, отырыңдар жеңілдеңдер» деп айқайлап жүрді. Қажеті барлар шелекті көшенің тасалау жеріне қойып, басынан төмен қарай жамылғымен бүркеніп жеңілденетін.
Еуропа қалаларындағы бұл ластық тағы біршама уақытқа дейін жалғасты. Көшелер, парктар, өзен жағалары, қоғамдық әжетхана халінде еді. Бүкіл тыйымдарға қарамастан халық жұрттың көзінше әжетін кетіруден зауқ алардай дерлік тартынбайтын еді. Бірақ қоғамдық әжетханалардың жасалуы және алынған шаралар арқылы қалалар ақырын, ақырын бұл ластықтардан құтылды. Тіпті өткен ғасырдың екінші жартысында Париждің үлкен көшелері мен бірқатар басқа аймақтар күнде таңертеіңгісін сабынды сумен жуылатын қалаға айналды. Еуропада орта ғасырдан кейін басталған бұл ақылға қонымсыз ластық пен жиіркеніш халі үкімін жүргізіп жатқанда, мұсылман түркі әлемі түгелдей тазалық ішінде болды. Барлық жерде моншалар бар еді. Сондай-ақ жеткілікті мөлшерде бар болған мешіттердегі әжетханалар да қоғамдық әжетхана қызметін атқарды. Халық онсыз да Ислам дінінің міндеті болған тазалықты басты міндет деп білетін. Сарайда, қонақүйлерде, керуен сарайларда, тіпті қарапайым үйлердің өзінде моншалар мен әжетханалар болды. Кішкентай үйлердің әжетханалары сыртта болатын. Сонымен қатар барлық дерлік үйде кішкентай моншалық бөлме ғұсылхана ретінде қолданыста болды.