Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Ағашты суретке түсіруге кеткен 32 күн

«Президент» лақапты алып ағашқа 3200 жыл. Өзінің үлкен көлемінің себебінен ағаш бір фотоға толығымен сыймаған. Бұл мәселені National Geographic-тің ғалымдары мен фотографтары шешті. Жұмыс барысын бірге тамашалайық.

Алып секвойяның биіктігі 75 м, көлемі 1275 текше м.

Ағаш діңгегінің ұзындығы 8 м, бұтақтары 2 млрд инелерді ұстап тұр.

Ағаш үлкен қарқынмен өсуде.

Бұл алып секвойя тек бір жерде ғана өседі — АҚШ-та, Калифорния штатының, Секвойя ұлттық саябағында, Алыптар орманында. Маңындағы ағаштардың да аттары бар - «Үй» және «Сенат».

Көптен бері ағашты ешкім толық түсіре алмады.

National Geographic-тың фотографтар мен ғалымдар тобы ағашты толығымен суретке түсірді. Әлемдегі ең алып ағашты түсіру үшін мамандар көптеген техника құралдарын пайдаланды.

32 күнгі жұмыс және 126 бөлек сурет нәтижелі болып, Президенттің портреті алынды.

Жұмыстың нәтижесі өте әсерлі.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама