Жапония қабылдап жатқан 2026 жылғы жазғы Азия ойындарында Қазақстан ұлттық құрамасының бокс капитаны Айбек Оралбай жеңімпаз атанды, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

90 келіден жоғары салмақ дәрежесіндегі шешуші жекпе-жекте қазақстандық рингке Өзбекстан өкілі Жахонгир Зокировқа қарсы шықты. Оралбай төрешілердің бірауыздан берген шешімімен жеңіске жетіп, ұлттық құрамаға алтын медаль сыйлады.

Бұл жүлде Оралбай үшін халықаралық аренадағы кезекті ірі жетістік болды. Ол — 2022 жылғы Азия чемпионы, бірнеше рет елінің намысын ірі халықаралық додаларда қорғап, Парижде өткен 2024 жылғы Олимпиада ойындарына да қатысқан.

Оралбайдың алтыны ағымдағы Азия ойындарында Қазақстан құрамасының бокстан екінші алтыны болды. Бұған дейін Азиада-2026 чемпионы атанған Төрехан Сабырхан еді. Осылайша, қазақстандық боксшылар ұлттық құраманың медаль қоржынын бірден екі жоғары дәрежелі жүлдемен толықтырды.