Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 сағат бұрын)
Айнұр Тұрсынбаева: Адам 10 қасық тамаққа тояды, энергияңызды үнемдеңіз

Белгілі ақын, коуч Айнұр Тұрсынбаева Түркияның Стамбул қаласынан сәлем жолдап, елге ақыл айтты.

Кәсіпкер көп тамақ жемеуге кеңес берді. Оның айтуынша, әрбір жан өзін қадірлеп, энергиясын үнемдеуі керек.

«Өздеріңізді қадірлеңіздер. Көздеріңізді жамандықты көруден, құлақтарыңызды жамандықты естуден сақтаңыздар», - деп жазды ол.

Энергияны үнемдеудің маңызы

Ақын қандай жағдай болмасын тек жақсылық ойлап, болашаққа үмітпен қарау керектігін атап өтті.

«Энергияңызды төмендетпеңіз. Адам 10 қасық тамаққа толық тояды, сондықтан қатты тойып тамақ ішпеңіздер. Барлық қиындық уақытша, өтеді де кетеді. Болашағыңыз туралы жақсы ойлаңыз. Қандай үйде тұрып жатқаныңызды елестетіңіз. Өзіңіз туралы ешқашан жаман ойламаңыз. Сонда айналаңыздың да сізге деген көзқарасы өзгеріп кетеді», - деп бөлісті Айнұр Тұрсынбаева.

Жаңалықтар

Жарнама