Air Astana әуекомпаниясы Қазақстан мен Жапония арасындағы жаңа бағытты ашады: Алматыдан Токиоға алғашқы тікелей рейс 2026 жылғы 30 қарашаға, ал Токиодан кері рейс 2026 жылғы 1 желтоқсанға жоспарланған, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Ұшулар аптасына екі рет Токионың халықаралық әуежайына (Нарита) бизнес және эконом класс салондарымен жабдықталған Airbus A321LR ұшақтарымен орындалады.

Әуекомпанияның хабарлауынша, рейстер кестесі (жергілікті уақыт бойынша, үкімет мақұлдаған жағдайда) былайша көрінеді. KC171 Алматы–Токио рейсі дүйсенбі және бейсенбі күндері орындалады: Алматыдан 21:55-те ұшып, Токиоға келесі күні 09:25-те қонады. KC172 Токио–Алматы рейсі сейсенбі және жұма күндері орындалады: Токиодан 10:55-те ұшып, Алматыға 16:20-да қонады.

Алматыдан Токиоға ұшу ұзақтығы 7 сағат 30 минут, кері бағытта — 9 сағат 25 минут.

Айта кетейік, эконом-класста екі жаққа билеттің ең төмен бағасы (барлық алымдармен) 350 552 теңгеден, бизнес-класста — 1 398 918 теңгеден басталады.

Айтпақшы, Жапония азаматтары Қазақстанға 30 күнге дейін визасыз кіре алады. Ал Қазақстан азаматтарына Жапонияға бару үшін виза қажет.