Air Astana әуекомпаниясының Астанадан Шымкентке бағытталған рейсі межелі әуежайда қона алмай, Түркістанға бұрылды. Жолаушылар Шымкентке автобуспен жетуге мәжбүр болды, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Рейс жолаушыларының айтуынша, ұшақ Шымкентке түн ортасында келуі тиіс еді. Алайда бағыт өзгертіліп, әуе кемесі Түркістанға қонды.

«Бізді Шымкентке автобуспен жіберді. Айтпақшы, автобустар суық болды, ал біз балалармен біргеміз. Шымкентте 23:50-де болуымыз керек еді, ал мұнда таңғы бесте жеттік», — деді бір жолаушы.

Air Astana баспасөз қызметі агенттікке бағыттың өзгеруіне ауа райы жағдайлары себеп болғанын түсіндірді. Шымкент әуежайындағы көріну қабілеті қонуға жеткіліксіз болып, бұл жолаушылар мен экипаж үшін қауіпті болған.

«Астана — Шымкент бағытындағы KC341 рейсін орындаған ұшақ Шымкент қаласы әуежайындағы қатты тұман мен көрінудің минимумнан төмен болуына байланысты Түркістанға бұрылды. KC342 Шымкент — Астана кері рейсі Түркістаннан орындалды. Осы рейс жолаушылары Түркістанға автобуспен жеткізілді», — деп хабарлады Air Astana.