- 11 ақп. 2016 00:00
- 257
Академик Жұмаділдаев өзі ұсынған есепті шығарған оқушыға 1000 доллар бермек
Академик Асқар Жұмаділдаев «Алгоритм» журналына берген сұхбатында осындай байқау жариялады, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы.
Академик Асқар Жұмаділдаев математиканы шемішкеше шағатын балаларға теңдеу жасырып отыр. Атап айтқанда, ғалым х!+1=y2 деген теңеу жасырып, осы теңдеудің бүтін шешімдерін табу керек дейді. Ғалымның өзі есептің: х=4, y=5, x! =24. 24+1=25 және x=5, y=11, 5!+1=120+1=121 деген екі шешімін айтып берген.
«Үшінші шешімі бар, балалар соны тапса деймін. Төртінші шешімі бар ма, жоқ па? Төртінші шешімін тапқан балаға 1000 $ сыйақы беремін. Егер менің 60 жылдық мерейтойыма орай төртінші шешімді табатын талантты бала табылса, онда маған үлкен сыйлық болар еді», - дейді академик.