10 сынып оқушысы Коваленко Виктория
«Әке – асқар тау»
Әке...! Әкетай...! Әкешім...! Әкежан...
Осы сөзді айтсам, өзіме бір қанат біткендей, құс сияқты қалықтайдындай сезімде боламын. Арманға жетелеп, еркелетіп, ерлікті білдіріп, алдыңа күннің бар жарық нұрын өзіне жиып алып, соған қарай төніп тұрған шыңды көргендей боламын. Нұрға бөленген мейірлі де, мейірімді, тірек болар, пана болар, жол көрсетер шың – ол әке. Иә, әке - асқар тау, асқар шың, биік белес.
Әр шаңырақта әкенiң орны ерекше. Әке — отбасының асыраушысы, отбасы мүшелерiнiң тiрегi, қамқоршысы. Әкенiң мiнез — құлқы, адамдармен қарым — қатынасы, өнерi мен бiлiмi — баланың көз алдындағы үлгi, өнеге алатын, оған қарап өсетiн нысанасы. Отбасының берекесі, ынтымағы үшiн әкенің тәрбиелiк рөлi зор. Әке, қаласа да, қаламаса да ұлы үшiн, қызы үшін нағыз ер жiгiт, адалдық пен шындық өнегесiнiң үлгiсi болып табылады. Әкенің мейірімі, басыңнан сипап күле қарағаны жаныма күн сәулесіндей әсер етеді. Есейсем де, әкешімнің құшағына кіріп «ӘКЕТАЙ» деп еркелеген кездерімді еш ұмытпаймын.
Әкелер аман болсыншы...!
Әке – асқар тау
10 сынып оқушысы Коваленко Виктория
infohub.kz редакциясы · 2024 ж. 5 наурыз548 қаралым
#әкешім#әке туралы#әке асқар тау#әкетай
Ұсынылады
Ұлы Жеңіске мың тағзым!
Жеңіс күні - еліміз үшін орны ерекше мереке. Нағыз ұлтшылдықты оятатын, рухани сезім беретін, тарихымызды ескеріп, сол жеңісті сыйлаған ардагерге бас иетін жеңісті күн. Әлемді дүр сілкіндірген Ұлы ...
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
Ұлы Жеңіске мың тағзым!
Жеңіс күні - еліміз үшін орны ерекше мереке. Нағыз ұлтшылдықты оятатын, рухани сезім беретін, тарихымызды ескеріп, сол жеңісті сыйлаған ардагерге бас иетін жеңісті күн. Әлемді дүр сілкіндірген Ұлы ...
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
Шалқан ертегісі
<!--/sizestart-->Шалқан ертегісі<!--sizeend-->
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
← АртқаДереккөз: bilimdiler.kz

