Франкфуртте өтіп жатқан көркем гимнастикадан әлем чемпионатында іріктеу жарыстары аяқталды. Қазақстандық гимнаст Акмарал Ерекешева жоғары нәтиже көрсетіп, үш финалға жолдама алды, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Екі күн бойы спортшылар финалдық кезеңге шығу үшін бақ сынады. Іріктеуде төрт түрдің қорытындысы бойынша Ерекешева 84,200 ұпай жинап, сегізінші орынға тұрақтады. Бұл нәтиже оған іріктеу қорытындысы бойынша үздік 18 гимнаст қатысатын жекелей көпсайыс финалына шығуға мүмкіндік берді.

Жекелеген түрлерде финалға әр түрден үздік сегіз спортшы жолдама алады. Ерекешева шығыршықпен (29,000 ұпай) және таспамен (28,350 ұпай) жаттығуларда іріктеуден сәтті өтіп, екі жағдайда да төртінші орынға ие болды. Доппен жаттығуда ол 16-орын (26,850), ал құрсаумен 42-орын (25,700) көрсетті.

Қазақстанның тағы бір өкілі Айбота Ертайқызы жарыстың финалдық бөлігіне шыға алмады. Жекелей көпсайыстағы іріктеуде ол 80,650 ұпаймен 24-орынға тұрақтады. Ертайқызы құрсаумен жаттығуда үздік нәтиже көрсетіп, оныншы болды (28,300). Шығыршықпен ол 15-орында (27,100), таспамен 32-орында (25,050), ал доппен 33-орында (25,250) болды.

Әлем чемпионатының алғашқы финалы жұма күні, 14 тамызда өтеді. Ерекешева қатысатын жекелей көпсайыстағы жүлделер сарапқа салынатын жарыс Қазақстан уақыты бойынша сағат 19:00-де басталады.