Ақмола облысында аң аулау кезінде қайғылы оқиға болды: қатысушылардың бірі мерт болды. Оқиғаның мән-жайын infohub.kz сайты хабарлайды.

Алты ер адам Қайыңды ауылының маңындағы орманға елік аңдып барған. Олар аңды тез тапқанымен, көп ұзамай оқ атылып, оқиға аңшылардың бірі үшін ажал болды.

Жергілікті тұрғын Ұлықбек Өміржанов: «Учаскелік маған қоңырау шалып, аңшылар бірін-бірі атып алғанын айтты. Сосын орнын шамалап айтты, мен өз көлігіммен бардым. Оларды алып кеттім. Мен көрдім, жатқан мәйіт бар еді. Оқтың тигені көрініп тұр. Мына жаққа қарай. Олар кездейсоқ бірін-бірі атып алған. Бұтақ тиіп, артында келе жатқаны, менің естуімше, атып жіберген. Қысқасы, бақытсыз жағдай», – деді.

Қайыңды тұрғындары сол таңертең алыстан бірнеше рет оқ атылғанын естігендерін айтты. Қаза тапқан адам 64 жаста еді. Қаруынан ажал оғы атылған 43 жастағы аңшы ұсталды. Ер адамдарда барлық қажетті құжаттар – аңшылық жолдамалар мен аң аулауға рұқсаттар болғаны анықталды.

Енді трагедияның толық бейнесін тергеу анықтайды.