Өткен тәулікте Ақмола облысында құрғақ өсімдіктердің сегіз жану ошағы жойылды. Ерейментау, Ақкөл, Шортанды және Буланды аудандарында, сондай-ақ Степногорск қаласында өрт сөндіру жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды infohub.kz.
Алдын ала деректер бойынша, өрттердің көбі найзағай соғуынан пайда болған. Өртпен күреске құтқарушылар, жергілікті атқарушы органдар қызметкерлері және басқа да салалық мекемелер жұмылдырылды. Қол жетпейтін аудандарда Төтенше жағдайлар министрлігінің авиациясы қолданылып, жалынның таралуын тежеуге көмектесуде.
Жағдай ведомствоның ерекше бақылауында, орындарда жедел штабтар құрылған.
— Барлық өрттердің жалпы ауданы шамамен мың гектарды құрады. Әбігерге салынбай, тек ресми дереккөздерге сену қажет. Зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ. Елді мекендерге ешқандай қауіп төнбеді, — деді Ақмола облысы ТЖД ресми өкілі Ерсайын Қойшыбаев.


