Ақмола облысының тұрғыны тоқтатылған қонақүй брондауы үшін ақшаны Сауда және тұтынушылар құқығын қорғау департаментінің көмегімен қайтарып алды, деп хабарлайды infohub.kz.

Ведомствоның ресми сайтында хабарланғандай, департаментке облыс тұрғыны қонақүйдің тоқтатылған брондау үшін ақшаны қайтарудан бас тартқанына шағымданып келген. Тұтынушының айтуынша, ол алдын ала бөлме брондап, 25 мың теңге мөлшерінде тұру құнын төлеген. Алайда жеке жағдайына байланысты сапар болмай, брондау күшін жойған. Қонақүй әкімшілігіне уақытылы жүгінгеніне қарамастан, ақшаны қайтарудан бас тартылған.

Өз құқығын қорғау үшін өтініш беруші Ақмола облысы бойынша Сауда және тұтынушылар құқығын қорғау департаментіне жүгінген. Мамандар өтініш мән-жайын зерттеп, құқықтық көмек көрсетіп, дауды сотқа дейінгі тәртіппен шешуге ықпал еткен. Соның нәтижесінде қонақүй брондаудың толық құнын — 25 мың теңгені ерікті түрде қайтарған.